Жүрек жұмысы тиімділігін қалай арттырамыз?
Жүрек-қан тамырлар ауруларын алдын алудың ең жақсы жолы – дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік. Қандай жаттығулар жүрек жұмысы тиімділігін арттыратындығына тоқталайық. Жүрек – ағзаның ең мықты бұлшықеті. Ол оңдаған жылдар бойы үздіксіз жұмыс істейді. Ол бұлшықет болғандықтан оны жаттықтыру керек. Бірақ дұрыс жаттықтыруды білу керек. Жаттығулар шыдамдылық пен тиімділікті арттыруға көмектесуі тиіс. Жаттыққан жүрек қай уақытта керек? 1-жағдай: аз қозғалысты өмір сүру салты Адам аз қозғалысты өмір салтын ұстанады, спортпен шұғылданбайды. Нәтижесінде, әдетте, артық салмақ қосады, яғни, тіндердің оттек пен құнарлы заттарға деген қазжеттілігі де бірге артады. Жүрек не істейді? Бір жиырылуда айдап әкелетін қан көлемі өзгермейді. Тек жиі жиырылу керек болады. Соның нәтижесінен адам қарапайым жұмыстың өзіне тез шаршап, әлсіз бола түседі. 2-жағдай. ұзақ жүктемені көтермеу Адам тамақтануына мән береді, белгілі бір деңгейде белсенді өмір салтын ұстанады, артық салмаққа жол бермейді, бірақ уақытылы спортпен шұғылданбайды. Бұл жағдайда жүктеме артқан кезде (мысалы, бақшада ауыр физикалық жұмыс істегенде) жүрек қарқынды жұмыс істей бастайды. Алайда, бірінші жағдайдағыдай, жүрек айналдыратын қан көлемі көп емес болғандықтан, адам ұзақ жүктемеге шыдай алмайды. Не істеу керек? Жүрек шыдамдылығын және тиімділігін арттыруға арналған жаттығулар айналатын қан көлемінің ұлғаюына әкеледі. Адам ұзағырақ жұмыс істеп, аз шаршайтын болады. Бұлшықет қабырғасының қалыңдығын сақтай отырып, жүректің ішкі көлемінінің артуы L-гипертрофия деп аталады. Егер жүрек тиімділігін және оның жұмыс мерзімін арттырғыңыз келсе, жаттығулармен осыған жету керексіз. Жүрек гипертрофиясының тағы бір түрі – D-гипертрофия. Бұл кезде жүрек бұлшықетінің қалыңдығы артып, ішкі көлемі сол күйінде қалады немесе одан әрі кішірейеді. Жүрек гипертрофиясының бұл түрі ауыр атлеттерде немесе жаттығу залында күш жүктемесімен әуестенетін адамдарда кездеседі. D-гипертрофия жүрекке қан апаратын қан тамырлардың миокардты (жүрек бұлшықеті) қанмен қамтамасыз етуге шамасы келмей қалуына әкеледі. Сондықтан жүрек тиімді жұмыс істемейді. Ендеше, жүрекке қандай жаттығулар пайдалы? Жүрек жұмысының тиімділігін арттыру үшін жаттығудың нақты режимін ұстану керек. Бірақ алдымен оған кірісе алатындығыңызға көз жеткізіңіз: - Жүрегіңіз ауырмайды және ЭКГ-да өзгеріс жоқ; - Қалыпты жағдайда тамырдың соғуы минутына 70 соққыдан аспайды; - Дене массасы қалыпты шекке кіреді. Содан соң жаттығуға кірісуге болады: - Белсенділік түрлері: жүгіру, белсенді жүру, жүзу, би, велосипедпен жүру, шаңғы тебу және т.б. - Минутына 110-140 соққыда жаттығу керек; - Жаттығу ұзақтығы – 30 минуттан бастап 1 сағатқа дейін. - Жаттығу жиілігі – аптасына 3 реттен аз емес. Осы қарқында жаттықсаңыз, шамамен жарты жыл өткен соң жүрек көлемінің ұлғаюына және жүрек жұмысы тиімділігінің артуына жетесіз. Ары қарай жеткен нәтижеңізді бекіту үшін сол жүктемені ұстап жүру керек. Сонымен қатар, шыдамдылығыңыз артады және салмағыңызды қалыпта ұстап тұрасыз.
Massaget.kz