Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тротуарлар қайда?

Тротуарлар қайда?

«Жол – экономиканың күре тамыры» деген сөзді еске алар болсақ, бірде-бір шаруашылық, тіпті, күнделікті күйбең тірлік жолсыз бітпейтінін түсінеміз. Ал, сол жолдар жайсыз болып, көңілдің хошын кетірсе қайтпек керек? Әсіресе, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлардың сиқы осы...
Ауданымызда тозығы жетіп, кейде бордюрімен бірге жерге сіңіп кеткен жаяу жүргіншілер жолын көзіміз көріп жүр. Бұндай жолдардың жайы жауынды күні тіпті қиындап кетеді. Жүре қалсаң болды батпақтары балтырыңа бауырласа жабысып, жиналған суларды кешіп өтесің. Кейде тротуардың салынған жерін байқамай, көшедегі көліктермен қатарласа жүруге тура келеді. Бұл тротуарлар көше келбетін көмескілемей, қашан талаптағыдай түзелетінін кім айтады екен?

М.БОЛАТҚЫЗЫ.
02 наурыз 2019 ж. 1 008 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031