Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіз елдің ұрпақтары алаңсыз өмір сүруі тиіс

Тәуелсіз елдің ұрпақтары алаңсыз өмір сүруі тиіс


Б
үгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «НұрОтан» партиясының ХVIII съезі өтті. Жиынды партияның 20 жылдық мерейтойынмен құттықтаудан бастаған Елбасы осы уақытқа дейін атқарған жұмысын қорытындылап, болашақ бағдары туралы ой бөлісті. Н.Назарбаев жиын барысында халықты әлеуметтік қалдаудың негізі ретінде азқамтылған отбасылардың кірісін көбейту, кірісі төмен отбасыларды тұрғынүймен қамтамасыз ету мәселесін шешу және білім мен денсаулық саласын оңтайландыру, оған қоса аймақтарды кешенді дамыту бағыттарын айтып өтті. Аталған пункттердің барлығы қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелер. Әсіресе, тұрмысы төмен отбасылар мемлекттік қолдауына қатты мұқтаж. Көпбалалыларға берілетін 10 мыңдай ғана жәрдемақы ешнәрсеге жетпейді. Осыған наразы аналардың жанайқайы соңғы кездері жиілеп кетті.
Елбасы осыны ескерсе керек. Халықтың әлеуметтік жағдайын алдыңғы қатарға қоятын ол барлығын тікелей өз бақылауына алатындығы қуантты. Келешек елдің тұтқасын ұстар балапандар ештеңеге мұқтаж болмай, алаңсыз өмір сүруі тиіс. Ол үшін барлығымыз атсалысуымыз маңызды. Одан бөлек тұрмысы төмен отбасыларға 2-3 пайызбен үй беру де ең күйіп тұрған тақырып еді. Бұйырса біреудің есігін қағып, пәтер жағалап жүрген отбасылардың саны азайып, әркім өз шаңырағында бақытты өмір сүретін күн жақын деп ойлаймын.
Өркен ИСМАИЛ,
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»
27 ақпан 2019 ж. 834 0