Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсылықтың үздік үлгісіндей

Жақсылықтың үздік үлгісіндей


Қайырымдылық қай кезде де адамгершіліктің биік өлшемі іспетті бағаланады. Ол негізінде байлыққа да, билікке де, тіпті, жоқтыққа да тәуелді емес. Ең бастысы – көңілің кең болсын. Міне, нақ осындай ізгі қасиетті бойына сіңірген, өзінде барды бөлісіп, қоғамымыздың кем-кетігін қайырымды жүрегімен сезініп жүрген жанның бірі – Мөлдір Дүйсенова.Елбасы Н.Назарбаев халыққа айтқан қайыр­ым­­­дыллық жайлы сөзінде: «Тәуелсіздікті баян ету мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз» – деген болатын. Сондықтан болар, кейіпкеріміз әр ай сайын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 30 балаға тегін білім беріп отыр. Өзі жетекшілік ететін «Shieli english world» оқу орталығында «Жақсылық жасап жарысайық» атты акциясын өткізіп жатқанын көпшілікпен бөлісті. Бұл ақцияның мақсаты көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына демеуші болып, 6000 теңгенің курсын 4000 теңге арқылы білім нәрімен сусындатуға толық мүмкіндік бар екен айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті. Осы игілікті бастаманы қолы ашық қоштаушысы ретінде ауданнан ақылды да зерек азамат шығуына үлесіңізді қосып зор мүмкіндік жасай аласыз. Осындай мүмкіндіктің арқасында қайырымдылық пен жомарттықтың үздік үлгісіне куә етіп, талайға озық ой өшпес өнеге көрсететін демеуші жандар көбірек тартылса, келешек ұрпақ, одан әрі білімді саналы болаФ бермек.
«Тірлігі тындырымды» деген тіркесті естіген шығарсыз. Санамызға сақталып қалған осы бір теңеу бүгінгі кейіпкерімізге айтылған секілді. Жас кәсіпкер 3 баланың анасы бола тұра, қаншама адамға көмек қолын созып, білім нәрімен сусындатып, бағыт бағдар беруде. Қазір ағылшын тілін меңгеру, білу заман талабы. Сондықтан, ағылшын тілі арқылы таным көкжиегін кеңейтіп, қолданыс аясы жыл өткен сайын артып келеді. 2013 жылдан бері ағылшын тілінің курсын ашып, өңірдің өскелен ұрпағына тәлім беру ісін жолға қойған. «Бүгінгі күнге дейін аудандағы 3 мыңға жуық бала біздің курстарға қатысты. Алғашқыда өзім ғана қызмет атқарған едім. Қазір бізде 10 мұғалім бар. Төрт жерден филиал аштық. Бізге ауыл мектептерінен де ұсыныс түсіп жатыр», – деді Мөлдір Дүйсенова. Осы ретте, «Еңбек – әлемнің әміршісі» деген Елбасының салмақты сөзін басшылыққа алсақ, халыққа қалтқысыз қызмет етуді – бас­ты мұрат еткен жас та болса, үлкен істі атқарып, аудан жастарының білімін жетілдіру үшін аянбай тер төгіп келе жатқан көпке үлгі жанның ісі қашанда қайырымды, берекелі болсын дейміз.

Ж.Ноғайбайқызы.
23 ақпан 2019 ж. 736 0