Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Путин Ақтөбе облысының тұрғынын 90 жасқа толуымен құттықтады

Путин Ақтөбе облысының тұрғынын 90 жасқа толуымен құттықтады


90 жасқа толған Ақтөбе облысының тұрғыны Иван Демишев Ресей президенті Владимир Путиннен құттықтау хатын алды. Бұл туралы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Владимир Путиннің құттықтау хаты мерейтой иесі тұратын Жосалы аулына келген.
Жергілікті тұрғындары оны құрметтеп, жақсы пікірлер айтуда. Демишев ұзақ уақыт бойы ауылдың өкілі болып келген. Тұрғындар оны еңбекқор, мейірімді, жақсы адам екенін айтты.
Мерейтой иесі үнемі ауылдастарының мәселелерін шешуге тырысып, олардың ауылдағы өмірін жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Оның басшылығымен ауылда мектептер, балабақшалар және жас отбасыларға арналған үйлер пайда болған.
Димеш бүгінде өз жасына қарамастан Жосалы аулының дамуына белсенді атсалысып келеді. Ол ауылда өтетін концерттердің бірінен де қалмайды.
Иван Демишев – Донецк облысының тумасы. Ол шамамен 65 жыл бұрын Қазақстанға, дәлірек айтқанда Ақтөбе облысына көшіп келген. Ол өзінің 90 жылдығына орай «Джусала в сердце моем» («Жусалы менің жүрегімде») атты кітап жазған.
15 жыл бұрын Демишев Қарғалы ауданының құрметті тұрғыны атанып, медальдармен және орденмен марапатталған. Ауылдастары оны құрметтеп, ақсақал деп атайды.
Stan.kz 




18 ақпан 2019 ж. 866 0