Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘР КҮНІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ӘР КҮНІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР



Күніне кем дегенде 10-30 минут серуендеңіз. 

Күніне кем дегенде 10 минут тыныштықта болыңыз. 

Жеті сағаттан кем ұйықтамаңыз. 

Кітапты көп оқыңыз. 

Мүмкіндігінше бос уақытыңызды 70 жастан асқан қарттармен және 6 жастан кіші балалармен өткізіңіз. 

Армандаңыз. 

Зауытта өндірілетін азық-түлікті азырақ, табиғи өнімдерді көбірек жеңіз. 

Алтын уақытыңызды өсек, өтірік айтуға жұмсамаңыз. 

Күніне кем дегенде үш адамға күлкі сыйлаңыз. 

Өткенді ұмытыңыз. Ескі жанжалдарды туыстарыңыздың есіне салмаңыз. Бұл бүгінгі бақытыңызға кедергі. 

Жағымсыз ойлардан арылыңыз. Жақсы нәрселерге көңіл бөліңіз. Өмір – мектеп. Біз өмірге сабақ алып, тәжірибе жинау, ақылды бола түсу үшін келдік. 

Біреуді жек көруге күш-жігеріңізді жұмсамаңыз, өйткені өмір тым қысқа.

Дереккөз: Reactor
01 ақпан 2019 ж. 1 181 0