Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

20 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 20 қаңтар 07:00 Поделиться: АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 20 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады. 20 қаңтар. ЖЕКСЕНБІ Дүниежүзілік діндер күні Жыл сайын қаңтар айының үшінші жексенбісінде БҰҰ-ның бастамасымен әлемде Дүниежүзілік діндер күні (World Religion Day) атап өтіледі. Аталмыш мерекенің тарихы 1950 жылы басталды. Датаны барлық әлемдік діндердің мазмұнының біртұтастығын жеткізу және дін әлемді ұрысып-таластыратын емес, керісінше, біріктіретін күш екендігін көрсету мақсатында АҚШ-та бекітілді. Дүниежүзілік қар күні (Халықаралық қысқы спорт түрлері күні) Жыл сайын қаңтардың үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Халықаралық шаңғы спорты федерациясының бастамасымен бекітілген. Басты мақсаты - 4-14 жас аралығындағы балалар арасында қысқы спорт түрлерін насихаттау. Әзербайжанда бүкілхалықтық аза тұту күні 1990 жылы 00 сағат 20 минутта КСРО-ның басқа өңірлерінен келген кеңес әскері Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының келісімінсіз Баку қаласына баса-көктеп кіріп, КСРО және Әзербайжан КСР Конституцияларын, сондай-ақ республиканың егемендігі туралы Конституциялық заңды өрескел бұзды. Қарулы акция салдарынан жүзден астам бейбіт тұрғын, негізінен әзербайжандар қаза тапты. Қайғылы оқиғалардың себеп-салдарын тексеру жөніндегі республикалық комиссияның деректеріне сәйкес, 131 адам қаза тауып, 744 адам жараланған. Сол күн «Қаралы қаңтар» деген атпен Әзербайжан тарихында қалды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 1919 жылы қазіргі Алматыда Жетісу жыршы-ақындарының слеті өтті. Оған халық ақыны Жамбыл Жабаев та қатысты. 1932 жылы Қазақ Өлкелік Комитетінің ІІІ Пленумының Қаулысымен «Советская степь» газеті «Казахстанская правда» болып өзгерді. 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Қазақ КСР-інің халық жазушысы» құрметті атағы бекітілді. Құрметті атақты алғашқылардың бірі болып Ғабит Мүсірепов, Дмитрий .Снегин, Тұрсынхан Әбдірахманова иеленді. 1999 жылдан бастап «Қазақстанның халық жазушысы» атағын беру тоқтатылды. 1994 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Галс» телехабар таратудың алғашқы ғарыштық қондырғысы ұшырылды. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның мамандандырылған коммерциялық жинақ банкі Халық банкі болып қайта құрылды. 1996 жылы Қазақстанның екі палаталы Парламенті - заңнамалық қызметтерді атқаратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілетті органы өз жұмысын бастады 2007 жылы республикада К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры сахнасында Есмұхан Обаевтың «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің премьерасы өтті. 2009 жылы «Қазпошта» АҚ Екінші Ұлттық халық санағына арналған пошта конвертін айналымға шығарды. «Kazpost» таңбалы конвертте Екінші ұлттық халық санағының белгісі мен «Елтаңба» стандартты пошта маркасы басылған. Көлемі 220 х 110 мм-лік конверт - 1 миллион дана. 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сот-сараптама қызметі саласын жетілдіруге, сондай-ақ сот сараптамасының тәуелсіздігі мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 2010 жылы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Болат Сембиновтың басшылығымен қазақстандық делегацияның Брюссельге сапары барысында «НАТО плюс Қазақстан» форматында отырыс өтті, онда НАТО-мен Қазақстан әріптестігінің жеке іс-қимыл жоспарының (ӘЖІЖ) екінші циклі мақұлданып, қабылданды. 2014 жылы Әбу-Дабиде «ADNEC» Халықаралық көрме орталығында «Астана ЭКСПО-2017» павильоны ұсынылды. Болашақ энергиясы жөніндегі дүниежүзілік саммиттің аясында құрылған көрмеге «Астана ЭКСПО-2017» павильоны қойылды. Шамамен 225 шаршы метрге орналастырылған стенд келушілерге Астанада өткелі отырған «ЭКСПО-2017» және оның тақырыбы - «Болашақ энергиясы» туралы кеңінен хабардар етті. 2016 жылы Германияның Шведт қаласында жас павлодарлық суретші Айғаным Қайырбаева 48-ші интернационалдық балалар суреттері байқауының жеңімпазы атанды. Ол «Жағажайда» тақырыбындағы суретімен I орын алып, бағалы сыйлық пен дипломмен марапатталды. 2018 жылы Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы Абай мен Жюль Верннің құрметіне «Абай-Верн» стипендия бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарламаны Франция үкіметі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен бірлесіп қаржыландыруда. Бағдарлама жыл сайын 100 стипендия тағайындайды. 2018 жылы әлемдегі ірі кітапханалардың бірі - Нью-Йорк кітапханасында Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығының салтанатты ашылуы өтті

inform.kz
20 қаңтар 2019 ж. 1 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930