Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА КЕРЕКТІ КЕҢЕСТЕР

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА КЕРЕКТІ КЕҢЕСТЕР




✅  Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз. 

✅ Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз. 

✅  Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады. 

✅  Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз. 

✅  Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек. 

✅  Алтын əшекейіңізді тазалай алмай жүрсіз бе? Ыдыс жуатын сұйықтыққа салып 15 минутқа қою керек. Сосын жұмсақ шүберекпен сүртіп аласыз. 

✅  Жаңа джинсиіңіздің өңін бермегенін қалайсыз ба? Тұзды суға салып қойыңыз. 

✅  Күрішті қайнатып жатқан суға, 1 ас қасық сірке суын құйсаңыз - аппақ əрі езілмей піседі. 

✅ Күріштің аппақ жəне езілмеу үшін оны қайнап тұрған тұздалған суға сала отырып, бірнеше тамшы лимон шырынын немесе суда ерітіп алынған лимон қышқылын қосыңыз. 

✅ Ашылған қызанақ пастасын сақтау үшін, қақпағына құрғақ қышаны салу керек. 

✅ Қызылша 3 - 3,5 сағат қайнайды. Оны тез қайнату үшін 1 сағат қайнатып, сосын оттан алып, 10 минутқа салқын ағын суға қою керек. Қызылшамыз дап - дайын. 

✅ Егер сіз жас балғын екеніне күдіктенген болсаңыз, шамамен 10 см сыйымдылықта су құйыңыз да, жұмыртқаны салыңыз. Балғын жұмыртқа жатып қалады. Ал жұмыртқанының бір жағы көтерілсе оларды бірінші пайдалану қажет. 

✅ Кофені қатты қайнатуға болмайды. Дəмі жəне хош иісі жойылады. Егер сіз қатты қайнатып алсаңыз, тез арада кофе қайнатқышты оттан алып, бірнеше тамшы суық су құйыңыз.
reactor.inform.kz
18 қаңтар 2019 ж. 2 129 0