Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Доңыз жылынан не күтеміз?

Доңыз жылынан не күтеміз?

Жаңа жылдан біз әрдайым жаңа бақыт, жаңа таңғажайыптар мен жетістіктер күтеміз. Өткен жылға салауат айтып, келер жылға үмітпен қараймыз. Қазақ халқының жыл санауында біз біле берметін болжам мен жорамал өте көп. Әр жылдың өзіндік ерекшелігі, сипаты болады.Доңыз жылында ең басты ерекшелік еңбекқорлық болып саналады. Сондықтан, бұл жыл жалқауларға жайсыз, ал, еңбекқор адамдарға табысты жыл болмақ. Демек, бұл жыл табысты әрі бірқалыпты жыл деуге болады. 2019 жыл кәсіпті дөңгелету үшін де, қызметте өсу үшін де жемісті жыл болады деп күтілуде. Жаңа жыл біреулер үшін кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік берсе, ал, енді басқалар үшін жұмысын ауыстыруға қолайлы кезең. Сонымен бірге, бұл жыл саяхат жасап, демалуға да ыңғайлы екенін есте ұстаңыз. Шаңырақ көтеретіндер саны өсіп, бала туу көрсеткіші артып, оң әсерін тигізеді.
Халықтық жыл санауға байланысты алғашқы деректерді сонау VІІІ ғасырдағы Күлтегін ескерткіштерінен һəм ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқари еңбектерінен көруге болады. Зерделесек, осынау дəстүр сол ескі заманның өзінде-ақ аңызға айналып кеткен екен. Доңыз жыл санауының жəне жыл қайырудың соңғы жылы. Кейбір түркі елдері, сондай-ақ, еліміздің кейбір аймақтары, мұны «қара киік жылы» деп те атаған екен. Осы атауды неге қолданысқа енгізбеске деген ойда келеді. Оның жыл атауына кіруінің өзі жыл санаудың исламнан да бұрын енгенінің толық дəлелі болса керек. Бұл жылды халық пəле-жала көп болады деп жақсы атамаса да, көбіне ол тарихқа жайлы, тыныштық жылы болып келген.
10 қаңтар 2019 ж. 3 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930