Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Цифрлық ХҚКО ашылды

Қызылордада Цифрлық ХҚКО ашылды

Бүгін Қызылорда қаласында Цифрлық ХҚКО аймақ халқына есігін айқара ашты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
 Бұған дейін мұндай орталықтардың қызметі республикалық маңызы бар қалаларда ғана қолжетімді болатын.
Цифрлық ХҚКО – бұл заманауи үлгідегі цифрлық технологиялармен жабдықталған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі. Мұнда азаматтар арнайы стенд-павильондарда орналасқан қоғамдық қолжетімді пункттер, «ConnectionPoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының және планшеттердің көмегімен электрондық өтінімдерді өз бетінше тапсыра алады. Сондай-ақ келушілер оператордың көмегінсіз өздеріне қажет кез келген құжатты рәсімдеп, цифрлық сауаттылық дағдыларын шыңдай алады.
«Бүгінгі таңда мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент және Қостанай қалаларында нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Бұл – операторлардың қатысуынсыз мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа форматы», – деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев.  

Орталықта аптасына алты күн бойы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту сыныптары жұмыс істейтін болады. Ол жерде кез келген азамат электрондық үкімет порталын пайдалануды, электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен қажетті анықтамаларды алуды үйрене алады.
Айта кетейік,  жыл басынан бері көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді  электрондық үкімет порталы арқылы алушылар саны көбейген. Сала мамандары Мобильді азаматтар базасына тіркелушілер мен «Connection point» секторында өздігінен қызмет алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым артқанын айтады. Мысалы, есепті мерзімде 300 мыңнан аса қызылордалық электронды цифрлық қолтаңба алса, өзіне-өзі қызмет көрсету алаңында 745 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген.
 Цифрлық ХҚКО Қызылорда қаласының Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е мекенжайында орналасқан.

https://kyzylorda-news.kz/
24 желтоқсан 2018 ж. 1 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930