Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Ішкі істер министрлігінің өкілдері қазақстандық полицейлердің жаңа нысанды киімінің жобасын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомстводағылар форманың суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. ІІМ мәліметінше, полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген. "Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді. Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар - оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы. Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады", - деді ІІМ өкілдері.
Ведомстводағылар осы форманың жаңа үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуды сұрады.  Еске салайық, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов еліміздегі полицейлердің формасы қалай өзгеретінін айтып берген еді. "(...) Кительді өзгертеміз, әйтпесе ол қазір тым ресми", - деп жауап берген болатын министр.


20 желтоқсан 2018 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30