Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда арзан маркет дисконт орталығы ашылды

Аралда арзан маркет дисконт орталығы ашылды

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудан орталығынан «Арзан Маркет» дисконт орталығы ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты.«Кәсіп иесіне халықтың сұранысына, қоғамның талабына сай игiлiктi iстiң үлгiсiн танытқанына ризашылығымды білдіремін. Жаңа дисконт орталығының халық ықыласына бөленетін, ауданның дамуына үлес қосатын орынға айналсын дей отырып, кәсіптеріңізге береке мен табыс тілеймін!»- деді аудан әкімі.

Мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов сөз алып, ақжарма тілегін жеткізді.
Жеке кәсіпкер Болат Абраевтың бастамасымен ашылған бұл орталықта халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдері қолжетімді бағада сатылады.
Бұдан бөлек, ет павильоны, жеміс – жидек сататын арнайы бөлік, «Арзан Фарм» дәріханасы, екінші деңгейлі банк өкілдері және ұялы байланыс операторлары орналасады. Сауда орнында алкоголь және темекі өнімдері мүлдем сатылмайды.
Кәсіп иесі осы кәсібі аясында 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
18 желтоқсан 2018 ж. 1 950 0