Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Құдайберген Саржановтың жеке мұражайы ашылды

Қызылордада Құдайберген Саржановтың жеке мұражайы ашылды

Қызылорда облысы Арал ауданында мемлекет және қоғам қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы Құдайберген Саржановтың туған жердің тарихы мен танымын айғақтайтын жеке мұражайының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада дәрігерлерге арналған фотокөрме өтеді Атырауда науқас балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық кеш өтеді «Атырау» газетінің 95 жылдығына орай медиа-музей мен интернет канал ашылды Құдайберген Саржанов 1937 жылы Арал ауданында дүниеге келген. 1983-1991 жылдары Қазақ ССР балық шаруашылығы министрі қызметін атқарған. 2003 жылдан бері «Шарткен ата» қоғамдық бірлестігін құрып, Арал өңірінде балық түрлерін молайтуға күш салып келеді.  Аталмыш шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, мұражайдың маңыздылығына тоқталып, жиналған көпшілікті жаңа мұражайдың ашылуымен құттықтады. «Суреттер сыр шертеді» деп аталатын бұл тарихи мұражайда Арал ауданына және осы өңірдегі балық шаруашылығына қатысты деректер, фотосуреттер мен экспонаттар сақталған. Мұражайдың ашылу салтанатынан соң, Құдайберген Саржановтың замандастары, шараға қатысушы қонақтар жаңа мұражайды аралап, тарихи жәдігерлермен танысты.

inform.kz
05 қараша 2018 ж. 2 294 0