Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда BRT желісінде алғашқы цифрлық таблолар пайда болды

Алматыда BRT желісінде алғашқы цифрлық таблолар пайда болды

Цифрлық табло
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі
Алматыдағы BRT желісінде алғашқы электрондық таблолар пайда болды. Онда бағыт нөмірлері мен қоғамдық көліктің бекет кешеніне қашан келетіні туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалықтар цифрлық жаңалықтың арқасында Көлік холдингінің операторымен арнайы модуль арқылы байланыса алады. Бұл жоба бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асып отыр.
“Цифрлық Қазақстан” бағдарламасында көлік инфрақұрылымын дамыту міндеттелген еді.
Қоғамдық көлік қозғалысын онлайн-кесте немесе “Оңай” қосымшасы арқылы білуге болады. Айта кету керек, биылғы тамыздан бері осы қосымшаны пайдаланатындар QR-код арқылы жолақыны да төлей бастады.
Кезекті жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбекмегаполистің шет аймақтарын орталықпен байланыстыратын жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді.
Мысалы, “Мадина” ЖШС Yutong маркалы 12 төмен еденді автобустар алған, көліктер №72 бағытына қызмет көрсетеді. “Киікбай” ЖШС №13 бағыттағы автобустарды жаңартты, яғни ISUZU маркалы 20 төмен еденді көлік алынды.
Мегаполис басшысы бірінші кезектегі міндет автобустар паркін жаңарту болғанын, сондықтан 3 жыл ішінде 1100-ден астам көлік бірлігі алынғанын, ал ендігі міндет қалалықтарға сапалы қызмет көрсету екенін айтты.
Сапалы қызмет көрсетіп, автопаркті жаңартқан тасымалдаушылар ғана субсидия алатын болады. Субсидия бөлу жөніндегі келісімде сапаға бақылау қойылатындығы әрі кемшіліктер болса, айыппұл салынатыны нақты көрсетілген. Тек 9 ай ішінде ғана қозғалыс жиілігін сақтамаған тасымалдаушылар 330 миллион теңге субсидиядан қағылды, – деді Бауыржан Байбек.


https://baribar.kz/

14 желтоқсан 2018 ж. 880 0