Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айтары мол акция

Айтары мол акция

Қарбаласқа толы тіршілігіміздің күретамыры – жол. Ерсілі-қарсылы ағылып жатқан көлік қозғалысы бір сәт те дамылдамайды. Жасыратыны жоқ, қазір ірі жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Соның кесірінен адамдар қайғылы жағдайға душар болып жатқаны да ащы шындық. Әлбетте, көлік тізгіндеген жүргізуші де, жаяу жүргінші де діттеген жеріне межелі уақытында жетуге асығады. Әйтсе де, жол ережелерін сақтау – баршаға ортақ. «Жол – қателікті кешірмейді» деген қарапайым қағиданы жадымыздан шығармауымыз қажет. Олай болмаған күнде, жолдағы апаттардың санын азайту мүмкін емес.
Осы ретте, жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі аумақтық орталықтармен, Қазақстан Республикасы «Қызыл Жарты Ай» қоғамының өкілдігімен, Қазақстан мүгедектері ұйымдарының одағымен, мүдделі азаматтық қоғам институттарымен, БАҚ-пен бірлесіп, ағымдағы жылғы 4-8 желтоқсан аралығында «Тең мүмкіндіктер жолы» атты республикалық акция ұйымдастырылды.
Мақсаты – жол-көлік оқиғаларын алдын алу, халықты қайғылы оқиғалардың себеп-салдарымен барынша таныстыру, сонымен қатар, қоғамды жол-көлік ережелерінен хабардар ету болды. Шара барысында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шағын бейнекөрсетілім көрсетілді.

Әбіл АСАН.
08 желтоқсан 2018 ж. 1 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031