Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагер есімі ардақталды

Ардагер есімі ардақталды



ОСЫДАН БІРЕР АЙ БҰРЫН Ы.ЖАҚАЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫНА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ Ә.МОНТАЕВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛГЕНІНІҢ КУӘГЕРІ БОЛҒАН ЕДІК. ҰСТАЗДЫҢ ЕСІМІн ҰЛЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН 2006-2009 ЖЫЛДАРЫ АРАЛЫҒЫНДА ТУЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БОКСТАН ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИРДІҢ ҚОНАҒЫ БОЛДЫҚ.
Ауылдық мәдениет үйінің төрінде орын алған шараны аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров қатысушыларға сәттілік тілеп, ашық деп жарияласа, ауыл ардагерлері Сейілбек Жақаев пен Нұрлан Махмудовтар спортшыларға еліміздің көк туын көкке көтеретін, абыройын асқақтататын, халық мақтан ететін азамат болыңдар деген жүрекжарды тілегін білдірді.
Ауылға арнайы ат басын бұрып келген 350-ге тарта жас спортшылар шаршы алаңда үш күн бойы былғары қолғаптарын түйістірді. Жамбыл, Түркістан, Шымкент, Қызылорда және Байқоңыр қалалары мен Жалағаш, Сырдария, Арал, Жаңақорған аудандарынан келген жастар жеңіс жолында жанын салып, өнер көрсетті. Арпалысты, күресті. Үш күннен соң мықтылар мықтылығын танытып, алдыңғы шептен көрінді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықатрмен марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді.
08 желтоқсан 2018 ж. 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031