Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны кезiнде жасалуы керек әрекеттер

Су тасқыны кезiнде жасалуы керек әрекеттер


– күрделі құрылыстарды тек мемле­кеттік өкілді органдардың рұқсаты бойынша салыңыз;
– қауіпті жерде уақытша тұратын орын­дарды жасамаңыз;
– азық-түлік, су, қажетті заттардың, дәрі-дәрмектердің және құтқару құ­рал­дарының қорын алдын ала қарас­тырыңыз;
– құжаттарды дайындаңыз, егерде жас балаларыңыз болса, оларға аты-жөні, туылған жылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;
– өздеріңізге жақын орналасқан қауіпті орынды және оған жететін қыс­қаша жолды белгілеңіз;
– хабарландыру дабылдарына, ги­д­ро­метео мәліметтеріне назар аударыңыз;
– жергілікті атқарушы органдарынан көшіру-жиналу пунктінің мекен-жайын анық­тап алыңыз.

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ КЕЗІНДЕ
– газ және электр қуаты көздерін сөн­ді­ріңіз, құнды заттарды қауіпсіз орынға көшіріңіз;
– электр энергиясының қосымша көздерін, алғашқы көмек көрсету құрал­дарын, су және азық-түлік қорын, радио­қабылдағыштарын, от жағу үшін спирттік плиталарды және дабыл бе­ру үшін электршамдарын дайындап қойы­ңыз, автокөліктердің бактарын маймен толтырыңыз;
– егер уақытыңыз болса, үйіңізді (пә­тері­ңізді) қорғауға шаралар жасаңыз (есік-терезелерді мықтаңыз, жоғарғы қабаттарға, үйдің төбесіне, шатырларға үй заттарын, ауыл шаруашылығы құрал­дарын, жем-шөпті қауіп­сіз орындарға кө­шіріңіз);
– электр құралдары мен желілерді, газды судан қорғауға шаралар қол­да­ныңыз;
– көлікпен немесе жаяу болсын биік жерлерге орналасыңыз;
– басқару органдарының қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескерту­лерін мұқият орындаңыз;
– көшіру туралы хабарды алысымен міндетті түрде көшіру-жиналу пунктіне бары­ңыз;
– пәтерден (үйден) шығар алдында өз­дері­ңізбен бірге қажетті құжаттарды, құнды заттар мен ақшаларыңызды, бірінші кезекте қажет болатын заттарды және 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен суды алып шығыныз;
– қауіпсіз аймақтарға жіберу үшін, осы ау­дандарда орналасқан көшіру-жиналу пункттеріне барыңыз;
– үйдегі малдарыңызға ен салып, көшіру-жиналу пункттеріне айдап келіп, жауапты адамдарға тапсырыңыз, малдар да қауіпсіз аймаққа көшіріледі;
– көшіру жиналу пункттерінің әкім­шілігінің барлық нұсқауларын орын­да­ңыз;

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ
– төмен орналасқан жерден тез арада кету қажет, егер су басқан ауданнан шыға алма­саңыз, жоғарғы қабатқа, шатырдың үстіне, биік ағаштарға орналасыңыз;
– басқару органдарының тиісті нұсқау­лары келгенге дейін қауіпсіз орындарыңызда қалыңыз;
– су ағынынан өз бетінше өтуге әрекет жасамаңыз. Су ағынының 15 см тереңдігі адам­ға қауіпті, ал 50 см тереңдігі әдетте көліктердің қозғалысын қиындатып, өте қауіп­ті болады;
– қолдағы бар құралдарды: плас­­тикалық заттарды, резинадан жасалынған баллондарды, ағаштарды және т.б. пайдаланып, судан шығу амалын қарастырыңыз;
– көмек қажет болған жағдайда, үрей­лен­бей, тыныштық сақтап, апат белгілерін беріңіз (жалаушалар, көліктің дыбыс белгілері, оқ атыңыз, от жағыңыз);
– суда қалып қойсаңыз, үстіңіздегі ауыр киім мен аяқ киімдерді шешіңіз. Су баспаған учаскелерге ағын судың бұрышына туралап жүзу қажет, жүзу кезінде, су астындағы және судың бетіндегі қауіпті заттардан сақтаныңыз;
– зардап шеккен адамдарға шұғыл меди­ци­налық көмек қажеттігі кезінде, су мен азық-түліктің жоқтығы кезінде, жағдайдың кауіптілігі кезінде немесе құтқарушылардан көмек келетіндігі туралы күдіктенсеңіз, су басқан аумақтардан көшіру әрекеттерін жасау керек.

СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН
Өз үйіңізді мұқият тексеріңіз:
– фундаменттің тұтастығын;
– қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін;
– газ және электр жүйелерін;
– улы жыландардың болмауы мүм­кіндігін;
– зақымданған электр, газ жүйелерін қо­су­ды мамандарға тапсырыңыз;
– үйдің тұрақтылығына күдіктенсеңіз, үйдің ішінде қалмаңыз;
– азық-түліктің жарайтындығын тексеріңіз, суды қайнатып ішіңіз
– ашық от көздерін пайдалану қауіптігін есте сақтаңыз;
– су тасқыны дүние мүліктеріңізге үлкен шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдарынан көмек сұраңыз.

Жедел қызметтердің
байланыс телефондары: 112.
07 қаңтар 2018 ж. 2 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930