Аманаттың аясы кең
Халқымыз ежелден ұрпағын әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке шақырып, құлағына «біреудің ақысын жеме», «ешкімнің ала жібін аттама», «аманатқа қиянат жасама» деп құйып отырған. Қазақта ала жібін аттамау, қиянат жасамау, сұғанақтық істемеу – адамгершіліктің ең басты қасиеті. Сондықтан, әрбір адам аманатқа қиянат жасамауы тиіс. Берген өмірге қиянат жасап, күнә жасамай тек тағдырдың тұщы дәмін тата білуі керек. Ар-ожданды биік қойып, адалдыққа ұмтылып, имандылықты бойына сіңірген ізгілердің ізін жалғастыру үшін имандылықтан, баба тәлімінен үлгі алудың маңызы зор. Әсіресе, әр адам өзіне жүктелген істі «ардың ісі» деп сезініп, берілген «аманатқа қиянат жасамаса», жемқорлықтың жібі үзіліп, қарапайым халық зиянға ұшырамасы анық.
Көбіміз «аманат» сөзін тар мағынада түсініп, яғни олар «аманатты» адамдар сақтауға берген заттарды қорғау, сақтау деп қана ұғамыз, ал шындығында Ислам дінінде оның мағынасы кең және ауқымды. Яғни, аманат ол – парыз, осы парызды атқаруда және оған дұрыс көңіл бөлуде сахабалар Аллаһ тағаладан жәрдем тілеп, бір-біріне сапарға шығар алдында мынандай насихат жасап тұрған: «Мен Аллаһ тағаладан сенің аманатыңның және істеріңнің игілікті аяқталуын тілеймін». (Термизи)
Бірақ кейбір кездерде пендешілікке салынған жандар кісі ақысын жеп, қиянат жасап, күнәнің ең үлкенін арқалап, кешірілместей істер жасайтыны белгілі. Кейде біреудің жалған сөзіне сеніп, өзіміздің адал досымызбен ренжісіп қалатын жағдайымыз бар. Бірақ біз сол жалған сөзге сенбей, ең алдымен жалғанның түп төркінін біліп алғанымыз жөн деп санаймын. Сол кезде ғана жалған сөздің жетегінде кетпей, адал достықтың шынайы екенін дәлелдей аламыз. Бұл уақытта да ең бірінші мейіріммен бір-бірімізге көз тастай отырып әңгімелессек қана жеңіске жетеріміз анық. Мейірімділік бар жерде ешқашан қиянат жасалмайтынына кәміл сенемін.
Саналы адам істеген әрбір әрекетіне дүниеде де, ақыретте де жауап бере алатындай түрде өмір сүруі қажет. Есепсіз, жауапкершіліксіз өмір сүрудің осы өмірде қандай қиыншылықтарға тап қылатындығын бәріміз де білеміз. Түрмеге түсу, айыппұл төлеу, банкротқа ұшырау, елге масқара болу, міне осылардың барлығы әдейі немесе немқұрайлы істелген істердің салдарынан орын алады. Алайда, жауапкершіліксіз істелген амалдың ақыреттегі жазасы тым ауыр болмақ. Бұл өмірде адамдарды алдау, соттарды жаңылту, заңды бұрмалау, құзертті пайдаланып, заңсыз жолдармен жалтарып, жазадан құтылғанмен, ақыретте үлкен сотта мұндай жолдармен ақталу әсте мүмкін емес. Өйткені, ол сотта бірегей әрі еш жаңылмайтын төреші – Ұлы Алла болмақ.
«Алтын әзәзіл – аздырар, адал еңбек – бойыңды жаздырар» деп дана халқымыз айтпақшы, алтын әзәзілдің арбауына ілігіп, мойнымызға жүктелген ардың ісін лайлап алмай, адал атқарайық. Әр істің шешімінде әділ болу, парасатты тәлім беріп, өзіне жүктелген әрбір істің жауапкершілігін сезіну – Алла алдындағы аманатты адал атқарғанмен тең болады. Сондықтан, әрбір адам тек адамдардың аманатына қиянат жасаудан ғана емес, Алланың аманатына қиянат жасаудан қорқуы тиіс. Сонда ғана еліміздің шаңырағы биік, керегесі кең, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болары хақ.
Д.ӘБІЛАСАН.