
«Мешіт картинасын бірнеше күн бұрын бітірдім. Мұнда діни мағынаны қамтуға тырыстым. Көпшілік бұл өмірдің уақытша екенін, жалған екенін айтып жатады. Сол мағынаны жеткізгім келді. Негізінен жүннен жасалған жіппен тоқыдым. Бұл туынды қымбатқа бағалаймын», – дейді ол. Суретші жіпті Амлатыдан сатып алады. Бір бөлігі 1200 теңге тұрады. Бір картина үшін 60 бөлігі жұмсалады. Суретшінің бір жұмысы орта есеппен алғанда 200 мың теңге тұрады. «Мені жолдасым үнемі қолдап жүреді. Суретке екі рамканы 54 мың теңгеге алдым. Қазір 3 картинам бар. Бірінде жылқылар бейнеленген. Ол махаббатты білдіреді. Қасқыр – үйдің қорғаны. Тағы бір туындымда сыртында жарқанаттың қауырсыны мен ішінде жолбарысты бейнеледім. Бұл тек сырты ғана мейірімді болып көрінетін қатігез адамдар жайлы. Бұл картина 300 мың теңге тұрады», – дейді суретші. Жанат Ақбалина болашақта туындыларын шетелге шығарып сатуды көздеп отыр.| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |