Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та ата-анасынан алшақталған босқындарға мүсін орнатылды

АҚШ-та ата-анасынан алшақталған босқындарға мүсін орнатылды


Нью-Йорк халқының миграциялық саясатқа қарсы наразылық акциясы ерекше форматта өтті. Манхэттендегі саябақтың бірінде ата-анасынан алшақталған босқындар мүсіні пайда болды. Туындының авторы – 75 жастағы Мэрилин Миллер. Ол осы арқылы Дональд Трамптың саясатына қарсылығын білдіріп, жұртшылықтың көңілін аударғысы келген. Айта кету керек бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 5 мамыр мен 9 маусым аралығында 2 мың 300 бала отбасынан бөлініп, арнайы орталықтарға көшірілген. Халықтың жаппай көтерілуіне байланысты Ақ үй басшысы бұл заңнаманың күшін жоятын жарлыққа қол қойған болатын. Мэрилин Миллер, суретші: – Бір күні таңертең ұйқыдан ояна сала, ата-анасынан алшақталған балалар жайлы ойлай бастадым. Сол кезден бастап осы мәселе ойымнан шықпай қойды. Бұл туралы қазір де есіме түсіп кетсе, көзіме еріксіз жас келеді. Сосын өзімнен «суретші ретінде оларға қандай көмек көрсете аламын» деп сұрадым. Бақытты өмір іздеп, арман жетегінде АҚШ-қа келген босқындарға жасалып жатқан қатыгез заңнаманы жай ғана сырттан бақылап отыра алмадым. Сондықтан осындай туындыны жасадым.
www.24.kz
21 шілде 2018 ж. 1 078 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728