Уақытыңызды ұтымды пайдалана біліңіз
Адам ағзалары тұтасымен ми қабығы, тәні, жаны үш нәрсеге: күннің қозғалысы, айдың толысуы, табиғаттың басқа құбылыстарына тәуелді екен. Бұл хронологиялық биологияда айтылады. Тән қуаты күніне үш рет толысып, үш рет кем тартады. Яғни сіздің көңіл-күйіңізде осы үш санына бағынышты. Осы негізге сүйене отырып, хронобиологтар кісінің кәсібіне, оның тұрмысына, демалысына қатысты тәжірибелік ақыл-кеңестерін ортаға салады. Ендеше таныс бола отырыңыздар, уақыт өлшемін қалай ұтымды пайдалануға болады? 1. Қанша ұйқы қанса да, мүмкін болса сағат таңғы 2 мен 4 аралығында көлік айдамаған жөн. 2. Мектеп оқушысы үй тапсырмасын сағат 16.30-дан 18:00-ге дейін дайындап үлгергені абзал. 3. Жұмыста келелі мәселені күндізгі сағат 10 мен 12 аралығында шешкен дұрыс. 4. Қолөнерге қолайлы мезгіл сағат 15:00-16:00 аралығы. Өнерге жақын болсаңыз осы уақытты тиімді пайдаланыңыз. 5. Таныстықты арттырғыңыз келсе, таңертеңгі сағат 9-10 арасында кімнің де болмасын қолын құшырлана қысыңыз. 6. Түскі ас ішкіңіз келсе, тамақтанбасаңыз да асқазан сөлі сағат 13:00-де көп бөлінеді. 7. Кең тыныстағыңыз келсе, сағат 16:00 мен 18:00 аралығында өкпеңіз ашылып, тынысыңыз кеңейетінін естен шығармаңыз. 8. Дәрігерге қаралғыңыз келсе немесе инеден қорқатын болсаңыз, таңғы сағат 9:00-де салынған инеге тері "тыжырына" қоймайды. 9. Спортпен шұғылдану үшін бұлшық еттеріңіз сағат 13:00-де көбірек қимылдағанды тәуір көреді. Босқа өтіп жатқан уақыттың 7 белгісі Орта ғасырда өмір сүрген оқымысты дәрігер Парацельс: "Жердегінің бәрі де – шипа, бәрі де – у, мәселе оның өлшемінде" деген екен. Сол секілді беймезгіл ішілген тамақ та асқазанға жүк. Ал пайдалы деген дәрі-дәрмектің өзі биосағаттары ескерілмей берілсе, оның пайдасынан зияны басым болады. Мысалы үшін, өт қалтасының белсенділігі түн жарымында шарықтап кетеді. Мұнан соң бауыр мен өпке, тоқ ішек те белсенді жұмыс атқарады. Яғни бұл тұста емдеу тәсілі мен режимін тән қуатының осы ерекшеліктерімен есептесе жүргізген жөн болады. Сонымен қатар бұл уақытта көп күйгелектене бермеген дұрыс. Ол инфарктке шалдықтыруы мүмкін.
Massaget.kz
Massaget.kz