Ғалымдар: Қыс жылы болғанда адамдар қылмысты көп жасайды
АҚШ-тағы Колорадо университетінің ғалымдары осындай қорытынды жасады. Бұл үшін оқымыстылар 1979-2016 жылдар аралығындағы АҚШ-тағы 16 мың қала туралы деректерді салыстырған. Қысы әдетте қытымыр аязбен келетін аймақтарда осы мезгіл жылымық танытса болды – қылмыс саны көбейетін болған. Ал жаз кезі бұл жерлердегі қылмыстық статистикаға ешбір әсер етпейтін болып шықты. Ғалымдар жылы қыс кезінде қылмыс жасауға қолайлы үш факторды атады: адамның қылмысқа баруға деген ынтасының болуы, көздеген нысанасы, жақын маңда полицейдің болмауы. Қысы қатал аймақтарда жылы кез бола қалса осы үш фактордың бір уақытта сәйкес келуі қылмыс жасауға тікелей себеп болады екен. Жалпы температура мен қылмыс арасындағы байланыс бұрын да зерттеліп келді. Осыған дейін сынап бағанасы көрсеткішінің адамның қылығы мен агрессия деңгейіне әскер ететіні айтылды. GeoHealth Аударған: Г.Абилова