Қызылордада ХҚКО цифрландыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді
КЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында цифрландыру бағытында бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы төрт саланы бір жүйеге біріктіріп, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірыңғай провайдеріне айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Баланы онлайн режімде тұрақты тіркеуге тұрғызуға бола ма Қазақстандықтар смартфонымен-ақ бұдан былай 30-ға тарта құжатты ала алады ХҚО-ларда эстрада жұлдыздары қызмет көрсететін болды «Мемлекеттік корпорация құрылған күннен бастап-ақ «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыруды белсенді жүргізе бастағанын айта кетейік. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, автоматтандыру, ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы бұл бағытта жеткен жетістіктеріміз де аз емес. «Азаматтарға арналған үкімет» цифрландыру үдерісінің көшбасшысы ретінде еліміздегі цифрландыру ісіне ықпал ететін, нақты жобаларға бастамашы болуда», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайроллаев. Мамандардың айтуынша, қазір мемлекеттік тізілімде 741 қызмет түрі қамтылған. Олардың арасында 598-і яғни аталмыш корпорация көрсетеді. Ол 83 пайыздан астамын құрайды. Қазіргі күні жергілікті тұрғындар сол қызметтердің тең жартысынан көбін, яғни 454 түрін үйде немесе кеңседе компьютермен интернет арқылы электронды форматта алуға мүмкіндік бар. Бұл азаматтардың уақытты тиімді пайдалануына оң әсер етіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды қызмет түрлері артып келеді. Мәселен, 2017 жылы - 449 723 қызмет көрсетілсе. Ол биыл 529 155 қызметті құрады. Осылайша дәстүрлі көрсетілетін қызмет көрсеткіші 15 пайызға төмендеген. «Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылғандай, 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды форматқа көшуі тиіс. Корпорация тұрақты түрде бұл бағытта ауқымды шаралардың ұйытқысы болып отыр. Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және электронды қызметтерді үйрету бойынша әскери бөлімдерде, банктерде, жоғарғы және орта білім ошақтарында, қала, аудан әкімдіктерінде және басқа да еңбек ұжымдарында барлығы көптеген іс-шара өткізілді. Бұл шаралар барысында 55 мыңға жуық адам қамтылды. Айта кету керек, корпорация осы мақсатта Қызылорда облысы әкімдігімен бірлескен жобаны жүзеге асырып отыр. Соның аясында аймақта 2018 жылдың 1 қазанына дейін 41 091 адам оқытылып, шілде-қыркүйек айларында 6 124 электронды сертификаттар табысталды. Тұрғындарды үйрету мақсатында желілік жоспар құрылып, жоспарға сәйкес үйретілетіндер санын 72 мыңға дейін көбейту жоспарлануда», - деді А.Қайроллаев. Қазір көптеген қызмет түрі электронды форматқа көшті. Бұл қызметтерді көрсету ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін нақты жолға қоюмен мүмкін болып отыр. Өз кезегінде бұл фронт-офистарға келуші халықтың легін біршама азайтты. Мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған. Ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға шығу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» тарапынан мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, заманауи технологияларды енгізу арқылы халыққа ыңғайлы жаңа әдістерді қолану кеңінен қолға алынды. Осыған сәйкес мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы тікелей байланысты болдырмау міндеті бүгінде сәтті жүзеге асып келеді. Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып мемлекеттік қызметтердің проактивті қағидатын енгізді. Жоба іске қосылғаннан бері облыс бойынша 5 816 ата-ана электронды үкіметке порталына тіркеліп, сәбилі болған 5 300 анаға проактивті қызметтерді алуға SMS-ұсыныс жолданды. Дайын туу туралы куәлік 3 982 адамға табысталып, балабақша кезегіне 3 488 бала тіркелген. Сондай-ақ, тағайындалған жәрдемақылар - 2 262, толық циклде көрсетілген қызметтер - 1 322-ні құрады. Жаңашылдықтың арқасында автокөлік иелері үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру және көліктерді тіркеу жұмыстары айтарлықтай жеңілдеді. Енді автокөлігін тіркеуге келген азамат мамандандарылған халыққа қызмет көрсету орталығында бос жатқан кез-келген нөмірді, нақтырақ айтқанда саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды өзі таңдайды. Аталмыш қызметтің бағасы небәрі 6 734 теңге тұрады. Ал, vip нөмірлерге мұндай жеңілдік жоқ. Жыл басынан бері жалпы құны 75 414 645 теңгеге 303 «әдемі» нөмір сатылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 328 пайызды құрайды. «Азаматтарға арналған үкімет» өзінің қызметінде кәдеге асырып, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірден бір құралы ретінде пайдаланып келеді. Келесі пилоттық жоба - бір реттік пароль және логин/пароль көмегімен электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланбай-ақ, 44 мемлекеттік қызметті, мысалы мекенжай анықтамасын, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама және т.б. алуға болады. Әрбір электронды портал қолданушысы осы функция арқылы өзінің жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функциясын тек жеке кабинет арқылы ғана қосуға болады. Айта кету керек, бұл сервисті қолдану үшін азаматтар ХҚК орталықтарына келіп мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Сондай-ақ, соңғы кезде қазақстандықтардың электронды анықтама алу үлесінің ұлғаюына байланысты жақында мемлекеттік корпорация биометрикалық технологияны қолдану аясын ұлғайтпақ.
inform.kz
inform.kz