Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында тігін цехы ашылды.

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында тігін цехы ашылды.

2018 жылы Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың бастамасымен, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа 200 млн теңге қаржы бөлініп, өңірімізде шағын кәсіпкерліктің дамуына демеу беруде.
Осы бағытта, Шиелі ауданы бойынша ниет білдірушілерге толықтай сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіліп, 154 азаматқа бизнес жоспар дайындалды, алдын ала екі күндік «Бизнес кеңесші» оқу курсынан 100 азамат оқытылды.
Нәтижесінде, Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 15 млн 353 мың теңгені құрайтын 24 жоба оң қорытынды алды.
Осы жеңімпаздардың ішінде, жеке кәсіпкер Қосманбетова Ақайша Сапарқызы 2018 жылы мамыр айында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша мемлекеттік гранттан 300 мың тенге ұтып алды. Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасыныңШиелі ауданындағы филиалы сүйемелдеу жасап, кәсіпкірге бизнес жоспар жасап және қажеті құжаттарды жинауға көмектісті. 
Қазіргі таңда Еңбекші ауылында кәсіпкер тігін цехын ашып өз жұмысын бастап кетті.


05 қараша 2018 ж. 2 344 0