Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның жүрегі ерте қартаяды

Адамның жүрегі ерте қартаяды


Жас келе адам ағзасы да қартая бастайды. Себебі, адам да табиғат дүниесіндегі басқа тіршіліктер сияқты қартаю, өлу кезеңін бастан кешіреді. Жақында Лондон Университеті колледжінің қызметкерлері арнайы зерттеу жүргізіп, адам ағзасында ең бірінші жүректің қартаятынын мәлімдеді. Колледж қызметкерлері жарты миллионға жуық адамға тәжірибе жүргізген. Зерттеулердің қорытындысы бойынша ең бірінші адам ағзасында жүрек пен ми ерте қартаяды екен. - Адам денесіндегі ағзалар әр қилы қартаятынын біреу білсе, біреу біле бермейді. Ең бірінші ми мен жүрек қартаяды. Әсіресе жүрек ерте қартаяды, - дейді зерттеушілер. Жүректің ерте қартаюы – адам ағзасы үшін қауіпті саналады. Одан келіп жүрек-қан тамырлары аурулары мазалауы мүмкін. Айта кетейік, 2013 жылы ағылшын зерттеушілері дене мүшелерінің қартаю кезеңі адамның қартаю кезеңінен бұрын өте бастайтындығын дәлелдеген еді. Барлық дене мүшелерінің ішінде үлкен ми мен өкпенің қартаюы ең тез, бауырдың қартаюы біршама баяу болады деп жазған болатын. Ал жүрек 40 жастан бастап қартая бастайтынын айтқан-ды.    

Дереккөз: massaget.kz
04 қараша 2018 ж. 3 077 0