Смартфонды көп қолданатындар депрессияға бейім болады
Америкалық ғалымдар смартфонды шектен тыс қолданатын жандардың депрессияға анағұрлым бейім екенін анықтады. Әсіресе, көп жағдайда әйелдер тоқырауға ұшырайды. Зерттеу Information Systems Journal басылымында жарияланды, деп жазады inform.kz. «Смартфондар бізге тез арада көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын құралға айналды, бұған адам байыппен үйрене бастайды», — дейді зерттеу авторы профессор Исаак Вагефи. Ол 182 студент арасында сауалнама жүргізіп, олар смартфонды бір күнде қаншалықты жиі қолданатындарын білді. Анықталғандай, респонденттердің 20 пайызында өз смартфондарына құмарлық салдарынан қоғамда және жұмыс орнында проблемалары бар болып шықты. Одан бөлек, телефонға тәуелділерде депрессия, қоғамнан оқшаулану, өзін-өзі бағаламау, жасқаншақтық және албырттық белгілері байқалған.
Дереккөз: 7kun.kz
Дереккөз: 7kun.kz