Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында "Қорқыттың даналық сөздері" атты кітаптың үш тілдегі нұсқасы жарық

Қызылорда облысында "Қорқыттың даналық сөздері" атты кітаптың үш тілдегі нұсқасы жарық


Қызылорда өңірінде кітап оқуға қызығушылықты оятудың тың әдісі қолға алынды. Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі хабарлайды. Тың болатын себебі, белгілі қазақ жазушыларының шығармаларындағы Сыр өңіріне қатысты қызықты тұстар ықшамдалып, жүйеленіп, оқырманға ұсы­нылады. Облыстық тілдерді оқыту ор­талығының мамандары 10 кітапшаны дай­ындап, баспаға жолдады.
Одан бөлек, "Қорқыттың даналық сөз­дері" атты кітаптың қазақ, орыс тілдеріндегі нұсқасы дайын. Қазір ол ағылшын тіліне аударылып жатыр. Кітапқа АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінің архивтеріндегі тың дүниелер топтас­тырылған. "Рухани жаңғыру" бағдарла­масы аясында жергілікті тарихи-мәде­ни ескерткіштердің телеатласы, аймақ тарихының электронды оқулығы жа­рық көреді.
Қызылордалықтардың 99,4%-і – қазақ, 70,8%-і – орыс, 13,6%-і ағылшын тілдерін біледі. Үш тілді қатар меңгергендердің үлесі – 12,2%. Есепті кезеңде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында аймақта біршама жұмыс атқарылды. Оның ішін­де қазақ әліпбиін латын графикасы­на көшірудің негізгі қағидаларын тү­сіндіру мақсатында 80-ге жуық шара ұйым­дастырылып, ақпарат құралдары, әлеу­меттік желілер арқылы кеңінен насихатталды. 626 адам – қазақ, 319 адам – орыс, 635 адам ағылшын тілдері бойынша курстардан өтті.
Жыл соңына дейін Сыр то­пырағынан шығып, республикаға та­нылған азаматтардың басын қосатын дәстүрлі "Туған жерге тағзым" акциясы өтпек.
                                                      
Источник: zakon.kz


30 қазан 2018 ж. 582 0