Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тұрмысы төмен отбасылар бастапқы төлемсіз баспана алады

Қызылордада тұрмысы төмен отбасылар бастапқы төлемсіз баспана алады


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш жол картасы Қызылорда облысындағы әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Ол бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігі ескерілді. Осы мақсатта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыста арнайы «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленіп, облыстық бюджеттен жыл сайын қажетті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Алынған пәтерлер тұрғындарға кейін өтеу құқығымен ай сайынғы жалға алу құны шарты бойынша беріледі. Бұл бағдарламаның ең басты ерекшелігі - тұрғындар алғашқы жарнасын төлемейтін болады. Жол картасын тиімді жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жаға­лауында жеке құрылыс компаниялары есебінен салынып жатқан 18 көпқабатты тұрғын үйдің (770 пәтер, 59,4 мың ш.м.) 4 және 5 қабаттарындағы пәтерлерді сатып алу туралы облыс, қала әкімдіктері мен құрылыс компаниялары арасында үшжақты келісім жасалды», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер сараланған актив жиынында. «Орда» аймақтық тұрғын үй бағдарламасына бастапқы төлемсіз төменде көрсетілген әлеуметтік осал топтағы азаматтар қатыса алады. Оған бірінші топқа көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек немесе мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бірінші және екінші топ мүгедектері, оралмандармемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері енгізілген. Ал екінші топ бойынша 2 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар, ерлі-зайыптылардың жасы 35-ке толмаған (өңірлік бағдарламаға өтініш беру барысында), соңғы 5 жылда жеке меншігінде тіркелген баспанасы жоқ, сонымен қатар балаларды (бала) ата-анасының бірі жалғыз асыраушы, толық емес, жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір қалған отбасылар осындай мүмкіндікке қол жеткізе алады. Бағдарламаға қатысушыларына төмендегіше талаптар қойылады. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болу тиіс. Депозиттік шотта 12 реттік айсайынғы жарна мөлшерінде ай сайынға төлемдер 2-бөлме үшін 8 жылдық жалға алу төлемі - 35 000 теңге, 11 жыл төленетін қарыз сомасы - 32 200 теңге шамалайды. Ал 3-бөлме 8 жылдық жалға алу төлемі, 43 800 теңге, 11 жыл төленетін қарыз сомасы, 40 480 теңгені құрайды. Елбасы халыққа Жолдауын жария еткен жиында өңір басшыларына қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, ең алдымен дәрігерлердің, мұғалімдердің, әлеуметтік және өзге саланың білікті мамандарына жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнасын ішінара субсидиялау мәселесін шегіне жеткізуді тапсырған болатын.


25 қазан 2018 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930