Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық сауаттылықты арттырсақ

Құқықтық сауаттылықты арттырсақ

Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық-насихаттық шаралар ұйымдастыру аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастамасымен жуырда «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахимов, «Тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі» аймақтық филиалының кеңесшілері, БАҚ өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет қатысты.
МӘМС азаматтарға өз еркі бойынша медициналық ұйымдарды, оның ішінде жалғыз мемлекеттік емес басқа да жеке ұйымдарды таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін тіркеу аймағы маңызды емес. Жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны аясында облысымыздың әрбір тұрғыны емхананы таңдау құқығын пайдаланады. Былтырғы жылы облысымыздың 18 мыңға жуық тұрғындары емхананы таңдау құқығын пайдаланған.
Бұл науқанның мақсаты – ол тұрғындарға өз қалаулары бойынша емхананы ауыстыру және алғашқы медико-санитарлық көмекке арналған мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде қатысу құқығын пайдалану болып табылады. Тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны тек денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген медициналық ұйымдар арасында жүргізілетінін баяндаған А.Рахимов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Одан соң тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аймақтық филиалының мамандары «Орда» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жайында мағлұмат берді. Жиынға қатысушыларға бұл бағдарламаға қатысу жолдарын, оның талаптары жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Әңгіме ары қарай «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты Жолдауда айтылған өзекті мәселелер төңірегінде өрбіді. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ж.Тасабаев жолдау аясындағы айтылған мәселелерге тоқталды. 2019 жыл жастар жылы жастарға деген үлкен қамқорлық.


А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ.
21 қазан 2018 ж. 740 0