Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында алғаш рет халықаралық «Safari Shardara» фестивалі өтеді

Түркістан облысында алғаш рет халықаралық «Safari Shardara» фестивалі өтеді


Астана, BAQ.KZ. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 26 қазан күні Шардара қаласындағы суқойма жағалауында тұңғыш рет халықаралық «Safari Shardara» атты фестиваль өтеді.

Айтулы шарада қонақтар Қызылқұм өңірінің табиғатымен кеңінен танысып, құм қойнауы мен теңіз жағалауындағы түрлі ойын-сауықтар мен спорттық жарыстарды тамашалайтын болады.
Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған фестивальде құмдағы автокөліктер жарысы мен композициялық «Rock racing» шоуы өтеді. Сондай-ақ, қонақтар түйешілер жарысын, бүркіт пен қаршығаға құс ілдіріп, түлкі салдырған саятшылардың халықаралық сайысын тамашалайды. Бұдан өзге, мотобайкерлердің мотокросс өнері, желкенді қайық жарысы, академиялық есу түрі, жағажай волейболы мен футбол жарыстары, балық аулау сайысы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, сайыпқырандар қазақша күрес, гир көтеру жарыстары мен бөренеге өрмелеп шығу, қошқар көтеру секілді спорт түрлерін бақ сынайтын болады.
«Safari Shardara» фестивалінде әйгілі өнер жұлдыздары мен ән-би ансамбальдері, цирк өнерпаздары мен акробаттары өнер көрсетеді.

Baq.kz
17 қазан 2018 ж. 1 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930