БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ЗЫМЫРАН БӨЛШЕГІ ҚҰЛАҒАН ЖЕРДІҢ РАДИОАКТИВТІ ЖАҒДАЙЫ НОРМАҒА САЙ
«Құрамында 40 қызметкер мен 9 техника бар Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіруші» АҚ, АІІБ, «Ғарыш экология ҒЗО» РМК күштері құтқару капсуласы қонған аумақта және зымыран тасымалдаушысы бөлшектері құлауы мүмкін аймақта жердің раиоактивті және химиялық залалдануы, орман және дала өрттері, қаза болғандар мен қирандылардың болу мүмкіндігін тексеріп шықты», - деп атап өтті комитеттен.
Ведомство мәліметінше, Төтенше жағдайлар комитеті күштері тексерісінің нәтижесінде Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерден негізгі ағызғышының жарма бөлшектері табылған.
«Оны Роскосмос» мамандары алып кетті. Бөлшек құлаған жерде радиоактивті және химиялық ахуал нормаға сай. Қаза тапқандар мен зардап шекендер жоқ», - делінген ТЖК хабарламасында.
Айта кетейік, кеше 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлаған еді.
Осы күні түс ауа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер ғарышкерлердің дін-аман табылғанын, екінші сатысы Жезқазғаннан 30-35 шақырым жерге құлауы мүмкін екенін айтқан еді.
Сонымен қатар ол Ғарыш кемесі апатын Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық комиссиясы тексеретіндігін атап өтті.
«Союз ФГ-10» ғарыш кемесінің бөлшегі құлаған жердің радиоактивті және химиялық жағдайы нормаға сай. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.