Швецияда ашылған ең жиіркеншіті тағамдар мұражайына қымыз қойылды

2019 жылғы қазан мен қаңтар арасында Швецияның Мальма қаласында әлемдегі ең алғашқы және ерекше мұражай ашық болады. Онда жиіркенішті тағам түрлері қойылмақ. Аталмыш мұражайдағы жәдігерлер қатарында қазақтың қымызы бар болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.
Көрменің ресми сайтында қымыз басқа да тағам түрлерімен қатар орында тұр.
Мәселен, онымен қоса аммиактың иісі шығатын хаукарль деп аталатын қақталған акула еті, ашытылған сюрстремминг майшабағы, пальмалық сусардың тезегінен жасалатын "купи-лувак" кофесі және бұқаның жыныс мүшесі бар.
360 арнасының мәліметінше, көрме ұйымдастырушысы адамзаттың жиіркеніштілікке көзқарасын өзгертіп, тағам жеткізіліксіздігіне елдің назарын аударғысы келеді.