Елімізде алдағы күндері жаңбыр аралас қар жауады деп күтілуде


12-13 қазанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында жаңбыр жауады деп болжам жасалды.
Сондай-ақ, 13 қазанда Павлодар облысында да жауын-шашын жауып, оның арты қарға ұласуы мүмкін. Бұл күндері оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады және еліміздің кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Ал күндіз ауа температурасы 3-10 жылыға дейін төмендейді.
Күздің ызғарлы суығы Астана тұрғындарын әбіргерге салатын болды. Астанада 12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы жауын-шашын жауады деп күтіледі, сондай-ақ жаңбырдың арты сулы қарға ауысуы мүмкін.
Сонымен қатар, 11 қазанда Ақмола облысында қатты жел соғуы мүмкін. Жел түнде кей жерлерде соқса, күндіз басым бөлігінде соғады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.