Қызылордада мектеп-гимназия ғасырлық мерейтойын атап өтті
Қызылорда қаласындағы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы ашылғанына 100 толу мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Мұғалімнің мәртебесі туралы заң жария талқыланса игі - Молот Солтанаев Қазақстан мектептері кедергісіз орта құруға дайын ба - министрдің жауабы Қалпына келтіруге болады - Сағадиев электронды күнделікке хакерлік шабуыл туралы Ғасырлық шежіресі тасқа басылған білім ордасының мерейтойына орай «Заманауи білім тенденциялары және Қалтай Мұхамеджанов мұрасы» атты ғылыми-танымдық конференция өткізілді. Оған облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, ақын, Алаш сыйлығының иегері Сейфолла Оспанов, саяси ғылымдар кандидаты, профессор Әбдіжәлел Бәкір және өзге де елге тагымал азаматтар қатысты. Жұртшылық алдында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова сөз алып жүрекжарды лебізін білдірді. Ұлағат ордасында ұзақ жылдан бері тәлім беріп жүрген ұстаздарға Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын табыс етті. Сондай-ақ, бірқатар ұстаздар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мектеп-гимназия тарихы 1918 жылдың 1 қазанынан бастау алады. Бұл шаңырақта талай жақсы мен жайсаңдар шәкірттерге білім нәрін берді. Осындай ұлағатты ұстаздардан тәлім алған түлектер де әрдайым өздерінің алтын ұясын мақтан тұтады. Осыдан ғасыр бұрын, 1918 жылғы қазан айының бесінде Ақмешіт қаласында мұсылман ұлдар мектебі мұғалімдерінің алғашқы отырысы болды. Оның хаттамасында Ш.Валлиуллин, А.Ибрагимов, М.Ғазизов және Н.Бекболатовтар қатысқаны, олар өз орталарынан мектептің меңгерушісі етіп Ш.Валлиуллинді сайлағаны жазылған. Міне, осы күн Сыр бойындағы қазақ оқу орындарының алғашқы қара шаңырағы, бұрынғы 1 Май, қазіргі Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының іргетасының қаланған күні болып, аталып келеді. «Мерейтой аясында «Тағылымды тарих мектебі» тақырыбы бойынша арнайы жоба жасалды. Соның аясында туған өлкенің тарихын, құнды деректерін тану арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру бағытында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шаралар ұжымның, өрендердің мектеп және туған жер тарихын танып, өткен өмірі мен бүгінгісін бағамдауына жол ашады», - деді мектеп директоры Данабек Әбдірайымов. Салтанатты шара барысында ақын Сейфолла Оспан, саяси ғылымдар кандидаты, профессор Әбдіжәлел Бәкір, мектептің 1998-2007 жылдардағы директоры Күләш Ежетаева, мектеп түлегі, медицина саласының еңбегі сіңген ардагері Тұрғанбай Маханов өз лебіздерін білдірді.
https://www.inform.kz/
https://www.inform.kz/