Қостанай облысындағы Таран ауданына Бейімбет Майлиннің аты берілді
Қостанай облысындағы Таран ауданына Бейімбет Майлиннің есімі беріледі, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін Таран ауданы мәдениет үйінде тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тыңдаудың басты мақсаты - Таран ауданының атауын өзгерту. Бірнеше сағатқа созылған жиын нәтижесінде ауданды Бейімбет Майлин есімімен атау жөнінде шешім қабылданды. Осы күні Таран ауданындағы Таран ауылына Әйет есімін беру мәселесі де талқыланып, тұрғындар тарапынан оң шешімін тапты. Жиында ақын Ақылбек Шаяхмет, бейімбеттанушы-ғалым Жұмабек Табын, профессор Қалқаман Жақыптар сөз сөйлеп, бастаманың маңызына тоқталды.
«Бұл - біраз жылдан бері айтылып келе жатқан мәселе. Бүгінгі қоғамдық тыңдауда бұл түйткілге нүкте қойылды десек орынды. Өйткені, аудан тұрғындары бірауыздан қолдады. Әсіресе, бастамаға үн қосқан жастарға, мәслихат депутаттарының жұмысына риза болдым. Тарихи, саяси тұрғыдан алып қарағанда, ауданға Бейімбет Майлин есімінің берілуі дұрыс. Жазушының 125 жылдық мерейтойын айтпағанның өзінде, қазақ халқына сіңірген еңбегіне баға жетпейді», - деді облыстық ономастикалық комиссияның мүшесі Қалқаман Жақып агенттік тілшісіне.
Қалқаман Жақыптың сөзінше, енді тиісті құжаттар дайындалып, ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияда қаралады. Аудан атауын ресми түрде өзгерту үшін 4-5 ай уақыт қажет.
материал
Abai.kz сайтынан