Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз, тұлға төзімді шойын адам

Ұстаз, тұлға төзімді шойын адам

«Қайтер едік өмірге келмегенде,Көнеміз ғой қайтеміз көнбегенде...» деп ақын М.Мақатаев жырлағандай сол дәуір адамдары қиындыққа төзімді болатын. Бір аяқ, бір қолынан айрылғанымен қатарынан озық жүрген Қарлығаш Жақыповамен әсерлі кездесу өтті.
Ауданымыздағы колледжде кездесу өтеді дегенді естіп, редакциядан шығып, таза ауамен тыныстап діттеген жеріме жеттім. Бұл кешке қонақ ретінде Өркен Исмаил көліктен түсіп, ғимаратқа бет түзеп келеді. Акт залға кіріп тақырыпқа көз тастадық. «Тағдырдың сынағына мойымаған, Ұстаз, тұлға төзімді шойын адам» деп ерекше көз тартып тұр. «Бейбіт күннің қаһарманы» атанан қазақтың қайсар қыздарының бірі Қарлығаш Омарханқызының өмірбаянын экраннан көріп көрермендердің көңілдері босады.
Бұл оқиға осыдан 40 жыл бұрын болған еді. Жақыповтар әулетінде 3 ұлдан соң дүниеге тағы бір перзент келеді. Сүп-сүйкімді қызды қос қанаты талмай, биікке қалықтасын деген үмітпен ата-анасы есімін Қарлығаш деп атайды. 1976 жылы Бәйгеқұм ауылында № 251 М.Әуезов атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданады. 1977 жылы 2 сынып оқушысы еш алаңсыз темір жол өткелінен өтіп мектепке барар жолда поездың астында қалып қояды. Осылайша оң аяғы жуан саннан, оң қолы білектен, сол қолының төрт саусағы ұшынан кесіліп, ота жасалды.
Апат айтып келмейді. Көрер жарығы бар екен. Поездың астынан Валентина есімді орыс тілінің мұғалімі құтқарып алған. Төбесінен жай түскенімен, қайратты ана қызын арқалап Алматыға жол тартады. Үш ай жатып жасанды аяқ салдырып, ауылға қайтып келгенде кіп-кішкентай Қарлығаш қиындыққа мойымай, мектепке баруға талпынады. Үміт пен сенім, талмас табандылықтың арқасында және ата-ананың қамқорлығымен осы күнге жеткен.
1986 жылы мектеп бітіріп Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне «Кітапхана ісі» мамандығына түсіп, ойдағыдай бітіріп шығады. Үш жылдай жұмыс істеген Қарлығаш өзінің сүйікті мамандығы «Қазақ тілі әдебиетіне» Алматы қаласындағы № 2 колледжін тәмәмдап, 1994 жылы №214 мектепке жұмысқа орналасады. Бір жылдай істеп, қызметтік жолын туған ауылында жалғастырған. 2015 жылы елеулі оқиға орын алған. Арада 38 жыл өткесін баяғы поездың астынан құтқарып алған Валентина мұғалімі Қарлығаш Жақыповаға іздеу салады. Москвадан қонақтар келіп Қарлығаштың жұмысымен, отбасымен, жалпы Шиелінің мәдениетімен танысады. Сол жақтан арнайы билетін ала келген қонақтар Москваға ертіп алып кетеді. Австралялық оратор Ник Вуичич «Пусть говорят» бағдарламасында керемет кездесу өткізеді. Сондағы қойған сұрағы «Сіз бақыттысыз ба?» болған. Қарлығаш Омарханқызы «Әрине бақыттымын, ата-анам, жанымның шуағы болған Жаншуақ есімді жалғыз қызым бар. Маған бұдан асқан бақыт керегі жоқ», деп жауап беріпті. Күтпеген кездесуден керемет әсер алғанын да жасырмады.
Аллаға шүкір, түрлі қиын кездерді бастан өткеріп, күмәні мен тұманы аралас күндерді артқа тастап, жарқын болашақ боларына сенген Қарлығаш түрлі өнерімен таң қалдыруда.Сахнада көркем тігілген көрпе-көрпеше, тоқылған алашаларды көз тастаған адам қызықпауы мүмкін емес. Тек қана мектепте мұғалім емес, түрлі өнер иесі секілді. Қыз жасауын тігуден қаншама аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы атанған.
Шара соңында жалғыз қызы Жаншуақ ерекше ән арнады. Анасын биге шақырып, «Ана мен сенімен мақтанамын» деген бір ауыз сөз жүректерді елжіретіп жіберді. Мектептің ғана емес өмірдің ұстазы деп баға бердік. Себебі, қиындықты жеңіп, көпшілікке шыдамдылғын мойындату екінің-бірінің қолынан келмейді.

Бекжан Ержігіт.
03 қазан 2018 ж. 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930