Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әміре» фильмінің операторы Грузиядағы фестивальде арнайы жүлде алды

«Әміре» фильмінің операторы Грузиядағы фестивальде арнайы жүлде алды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық «Әміре» фильмінің операторы Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») Тблисиде 27-28 қыркүйек күндері өткен Golden Eye халықаралық кино- және телеоператорлар фестивалінде Panasonic компаниясының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ аталған кинотуынды фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, биылғы сәуір айында жалпыұлттық прокатқа шыққан кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайды. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясы түсірген.
Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa). Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) пен Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы», «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмдері арқылы танылған австралиялық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен. Инновациялық технологиялардың халықаралық қоры ұйымдастырған ең танымал іс-шаралардың бірі - Golden Eye («Алтын көз») кинофестивалі Грузияда 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған кинофестиваль кино-және телеоператорларға баршама қолдау көрсетіп, олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.  
inform.kz
02 қазан 2018 ж. 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930