Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Қазақстанда 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Биыл елімізде тұрғындарға шағын несие беру арқылы 6 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл – кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздықты азайту мақсатында атқарылған істің нәтижесі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметтеріне қарағанда, биыл республика бойынша 6 жарым мыңы – ауыл тұрғындары. Олар көбіне қаржыны мал шаруашылығын дамыту, тігін шеберханасы, наубайхана немесе өзге де қажетті нысандар ашу мақсатында алады. Мамандар жыл соңына дейін шағын несие алушылардың санын екі еселеуді көздеп отыр. Осы мақсатта мемлекеттен 62 миллиард теңге бөлінген. Бұл соманың 45 миллиардтан астамы ауылдық елді мекендерге арналған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар елдегі жұмыссыздық деңгейін азайтуға септігін тигізеді. Анастасия Корнилова, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мониторинг жүргізу басқармасының басшысы: – Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында кешенді жоспарлар құрылып, ауқымды істер жүзеге асты. Қысқа мерзімді оқыту, уақытша немесе тұрақты жұмысқа орналастыру. Бүгінге дейін осы бағдарламалардың аясында 240 мың адам тұрақты еңбекпен қамтылды. Қазір еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға аз.

www.24.kz
28 қыркүйек 2018 ж. 934 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930