Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінің солтүстік аудандары үшін Байқоңырда медициналық орталық ашылды

Сыр өңірінің солтүстік аудандары үшін Байқоңырда медициналық орталық ашылды

Байқоңыр қаласы маңындағы Ақай және Төретам ауылдарының тұрғындарына медициналық қызмет жұлдызды қалашықтағы емханада көрсетіледі. Бұл Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің үкіметаралық келісімі негізінде жүзеге асып отыр. Сыр өңірінің солтүстік аудандары үшін Байқоңырдан ашылған медициналық орталық филиалына 20 мыңдай азамат тіркелді. Қарашаның аяғына дейін тағы 15 мыңдай тұрғын тіркеуден өткізіледі. Бұған дейін 90 шақырымдағы аудан орталығы немесе Қызылорда қаласына қатынап келген тұрғындар үшін іргедегі емхананың іске қосылуы тиімді болып тұр. 64 миллион теңгеге қажетті құралмен жабдықталған емдеу мекемесі салалық мамандарды жинақтау үстінде. Қазіргі таңда мұнда оңалту және терапия, офтальмология, лор, хирургия, гинекология бөлімшелері мен перзентхана жұмыс жасап тұр. Гүлденген Шаповал, ОМО Байқоңыр филиалы директорының орынбасары: – Жыл басынан бері біз осы кезге дейін 6500 ересек адамға скринингтік тексеру жүргіздік. Және 5200 мектеп оқушысының 2300-іне толық тексеру жүргізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы көмегімен облыстық балалар ауруханасынан жетіспеген мамандар келіп, толығымен скрининг өтуге ықпал жасалды.

www.24.kz
26 қыркүйек 2018 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930