Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күйзелістен айығу жолы

Күйзелістен айығу жолы


Күйзелістен емделудің екі жолы бар: күйзеліске қарсы дәрі-дәрмектер пайдалану және психотерапия. Тек, бұл тәсілдерді адам өздігінен емес, арнайы орталықтарға барып, мамандардың кеңесімен жүргізеді. Күйзеліске ұшыраудың түрлі себептері бар. Бірінші – кез келген адам өзінің қажыр-қайратын қалыпты ұстауы керек. Мәселен, дер кезінде тамақтану, дұрыс демалу, спортпен шұғыл­дану. Екінші – адам өмірде өзіне не керек екенін біліп алса, құба-құп. Жоқ дегенде, күнделікті уақытын тиімді, мақсатты пайдалануға дағдылану аса қажет. Сонда ғана өзінің ісі мен өміріне көңілі толып, қажетсіз ойдан арылады.Үшінші – әркім өзі бағалайтын құндылықтарды сақтауға күш салса, жақсылыққа бір табан жақындайтыны анық. Жалпы күйзелістің адам денсаулығына әсері – бұл жүйке жүйесінің, қан айналымының бұзылуына әкеп соғатын себептердің бірі болып табылады.
Күйзелістің денсаулыққа әсері
– енжар, жабырқаңқы көңіл-күй, күнделікті істер мен қызығушылықтарға ықыластың болмауы, алаңғасарлық зейін мен концентрация, ағзаның зат алмасуының бұзылуына әкелетін тәбетсіздік, мазасыз ұйқы, шаршау, өзін қажетсіз және үмітсіз сезінуі себеп болады.
Күйзеліспен күресу үшін не істеу қажет?
– достарыңмен уақыт өткізу, қызықты іспен айналысуға уақыт бөлу, спортпен жүйелі түрде айналысу, алкоголь ішімдіктерін шамадан тыс пайдаланудан, темекі, есірткі тартудан, сонымен қатар сізге кері әсерін тигізетін жағдайлардан аулақ болу.

Н.Алматқызы,
емхана психологы.
23 қыркүйек 2018 ж. 1 247 0