Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзгі күйзеліске жол бермеңіз

Күзгі күйзеліске жол бермеңіз


Жаз аяқталып, күз де келді. Ауа райы өзгеріп, күн де салқындай бастағандай. Аз күннен кейін айнала сары алтынға боялып, құстар да жылы мекеніне қайта бастайды. Ауа райы мен табиғаттағы бұл өзгерістер адам көңіл-күйіне де әсер етеді. Күзді сағыныш символына теңейтініміз бар. Психологтар осы маусым адам санасы мен көңіл-күйіне елеулі әсер ететінін айтады. Себебі күзде адамдар көп күйзеліске түседі екен. Күзгі күйзелістің бір себебі - жайдарлы жаз мезгілінің артта қалып, күннің суытуы. Табиғаттағы осындай өзгерістер әсерінен әркім өзінің басындағы түйткілді мәселелерді жиі ойлай бастайды. Көңіл-күйі түсіп, жұмысқа деген зауқы соқпайды. Әсіресе әйелдер қауымы күйзеліске көбірек ұрынады. Мазасызданып боларды да, болмасты да уайымдай береді. Мұндайдан аулақ болу керек. Адам психологиялық тұрғыдан ауа райының өзгеруіне де дайын болу керек. Күзгі күйзеліспен кездеспеудің бір амалы осы. Ал психологтар кеңесі қандай? - Көшеде жүргенде де, жұмыста да жылы киініңіз; - Киім сатып алғанда ашық түстерді таңдаңыз. Жеке шкафыңызды реттестіріп, тозған немесе сыймай қалғандарынан арылыңыз; - Үй жинап, музыка тыңдаңыз; - Жоспар құрыңыз, жазғы демалысты ұмытыңыз; - Тәтті кофе, тәтті шай ішу де күзгі күйзелістің алдын алады; - Күн бұлыңғыр болғанына қарамастан, далаға шығып, бой жазыңыз;. - Күні бойы ғимарат ішінде жүрсеңіз, жұмыс орнының жарық болуын қадағалаңыз; - Ең бастысы күз мезгілінің әдемілігін байқай біліңіз, көре біліңіз; - Күн шуақта көп жүруге тырысыңыз. Өйткені күн сәулелері адамның көңіл-күйін көтеретін серотонин гормонының бөлінуіне көмектеседі. Жылдың қай мезгілі болса да, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы, күйзеліске жол бермеу - өзімізге байланысты. Қандай да бір мәселелер көңілге қаяу салса да, салыңыз суға кетпесін. Түбі бір жақсылық күтіп тұрғанына сеніңіз.

Massaget.kz
02 қыркүйек 2018 ж. 2 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930