Артық білім кітапта, ерінбе оқып білуге
7-14 қыркүйек күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Нартай Бекежанов мемориалдық өнер музейінің сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры 8 кітапқа артты.
Бұл кітаптарды музей директоры жеке кітапхана қорынан алып, музей қорына беріп отыр. Музейімізге келіп түскен кітаптардан «Артық білім кітапта, ерінбе оқып білуге» атты көрмесі болып өтті. Көрмеде қойылған кітаптар: Ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі «Батырлар жыры» кітаптары 1940 ж. 1963ж. Бұл екі кітапта: «Қарадоң батырдың ұрпақтары», «Сүйініш», «Тегіс, Көгіс», «Тама», «Мұңлық-зарлық», «Сейпіл-Мәлік», «Құламерген-Жоямерген», «Құбығұл», «Құл мен қыз», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батырдың хикаясы», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» атты шығармалар енген. Т.Ізтілеуовтың «Рүстем-Дастан» кітабы. «Бес ғасыр жырлайды», «Үш ғасыр жырлайды», Қырғыз халқының батырлық дастаны «Манас» 4 кітабы (А.Шамкенов, Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев, Айтбай Хангельдин, Қайрат Жұмағалиевтер аударған). «КӨРҰҒЛЫ» – Көрұғлы және оның ұрпақтары туралы дастандар. 1973 жылы жарыққа шыққан. «Ғашық-наме» шығыс хикаяларының желiсiне құрылған қазақ дастаны. Бұл кітапта «Бозжігіт», «Сейфүлмәлік», «Таһир-Зухра», «Мұңлық-Зарлық», «Иранғайып шаһ Ғаббас», «Жүсіп-Зылыха» атты шығармалар енген. Көрмені Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданынан келген қонақтар, Еңбекші, Төңкеріс ауылының тұрғындары және №156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары кітап көрмесін бір апта бойы тамашалады.
Жанат Қалжанқызы,
Нартай Бекежанов мемориалдық
өнер музейінің ғылыми қызметкері.