Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар жүргізушілердің рөлде неге ұйықтап қалатынын анықтады

Ғалымдар жүргізушілердің рөлде неге ұйықтап қалатынын анықтады



Мельбурн корольдік технологиялық университетінің ғалымдары жүргізушілердің рөлде ұйықтап кетуіне автокөліктің төмен жиілікті вибрациясы себеп болатынын анықтады.
Ғалымдар 15 еріктімен көлік кабинасының арнайы симуляторында зерттеу жүргізген. Олардың кейбіреуіне төмен жиілікті вибрация (4-7 герц) әсер етсе, басқаларында еш өзгеріс болмаған. Сынақ кезінде зерттеушілер адамдардың жүрек ырғағын да бақылады.
15 минуттан кейін вибрацияның әсеріне ұшырағандар есінеп, ұйқысы келіп, шаршай бастаған. Жарты сағаттан кейін ұйқышылдық пен шаршағандық дәрежесі одан сайын артса, ал бір сағаттан кейін жүрек ырғағы олардың ұйқыға кетіп бара жатқанын көрсеткен, деп жазады РИА Новости.
Сондай-ақ, ғалымдар сынаққа қатысқандарға психологиялық және физикалық тұрғыдан қарапайым ақыл-ой тапсырмаларын орындау қиынға соққанын атап өтті.
Ал басқа жиіліктегі вибрацияның әсерінен адамдар, керісінше сергек бола түскен. Ғалымдар автокөлік жасаушылар бұл зерттеудің нәтижесіне сүйеніп, автоорындық конструкциясында вибрация факторын ескереді деген үмітте.
sputniknews.kz
14 қыркүйек 2018 ж. 1 304 0