Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйықтар алдында неге компьютер қарауға болмайды?

Ұйықтар алдында неге компьютер қарауға болмайды?



Компьютерлер мен планшеттерді кешкі уақытта шексіз пайдалану ұйқыны қашырып, организмнің тәуліктік ритмін бұзады. Бұл туралы Гарвард университеті қызметкерлерінің жетекшілігімен ғылыми топ анықтады. Бүгінде зерттеу нәтижелері Physiological Reports журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымдар сынақ өткізді. Оның аясында қатысушылар бес кеш қатарынан компьютер алдында өткізді және дәл осынша уақыт кітап, журнал мен өзгеде баспа материалдарын оқуға жұмсады. Сынаққа 22 мен 28 жас аралығындағы ер азаматтар мен әйелдер қатысты.
Зерттеу нәтижелері жарық шығарушы гаджеттерді, яғни компьютер, телефон мен планшетті пайдалану ұйқыға кету уақытына кері әсерін тигізеді. Сонымен, сынаққа қатысушылар электрониканы қолданғаннан кейін әдеттегі уақыттан жарты сағат кешігіп ұйқыға кететінін айтқан. Сонымен қатар, олар таңертеңгілік уаққытта ұйқыларын аша алмай қиналатынын, ал кешкі уақытта керісінше сергек жүретінін айтқан.
Ғалымдар анықтағандай, гаджеттерді шамадан тыс көп пайдалану мелатониннің түзілуін тежейді – бұл ұйқы мен сергек жүруге жауап беретін гормондар.
«Зерттеу унәтижелері жарық шығаратын электроникалық құралдарды көп пайдалану организмге биологиялық әсер етеді», - деп мәлімдеді жұмыс авторларының бірі Жанна Даффи.
Бұған дейін белгілі болғандай, ұйқының бұзылуы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Колорадо штатындағы Боулдер университетінің ғалымдары бірнеше түн қатарынан ұйықтамау организмнің физиологиялық көрсеткіштерін айтарлықтай өзгертеді және ішкі сағатты жүзден астам белокқа бөліп тастауы мүмкін. Шотландық мамандардың жасаған қорытындысы бойынша ұйқыға кеш жату әдеті психикалық ауытқуларға алып келуі мүмкін.

Ә.СЕЙТМҰРАТОВА
30 мамыр 2018 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930