Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде жер учаскесін таңдау электронды қызмет қатарына енгізіледі

Ақтөбеде жер учаскесін таңдау электронды қызмет қатарына енгізіледі



Ақтөбеде жер учаскесін таңдау актісіне келісім алу электронды қызмет түріне енгізіледі. Яғни монополист кәсіпорындардың әрқайсына барып, өтініш жазып, құжатты айлап күту жойылады. Кәсіпорынның келісімі 5 күннің ішінде дайын болады. Одан бөлек қызмет көрсететін мекеме мен қызмет алушы арасында тікелей байланыс болмағандықтан сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жәйттар азаймақ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен монополист компания өкілдері жаңа жобаны бірлесе талқылады. Басқосуда Астанадағы IT қауымдастының мамандары электронды ақпараттық жүйенің мүмкіндігі мен тиімділігін жіті түсіндіріп берді. Өңірде электронды қызметтің үлесін арттыру жұмыстары жүріп жатыр. Мысалы, өткен жылы Ақтөбе облысында 5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 30 пайызы электронды жүйе арқылы іске асыпты. Ал, биыл бұл көрсеткіш екі есеге өсіп отыр. Расул Медетов, ҚР МҚІСЖҚА облысы бойынша департаментінің басшысы: - Мәселен, «акт выбора земли» деген мемлекеттік қызмет бар, ол жерде 15 монополист бар. Яғни газ, су өткізу керек, сол үшін әр азамат әр мекемеге бару керек. Әрбір 15-іне баратын болса, әрқайсына 1-2 апта кететін болса, 3 ай уақыт кетеді. IT қызметкерлерінің ұсынысы, бір жерге азамат келеді, бір арыз жазады. барлық монополистке арыз түседі.  Олар бір уақытта қарайды, оған жауаптарын береді де, сол жерден рұхсат алады. Осы категория бойынша: «Елімізде әрбір тұрғын үйдің өз бірлестігі болады Құрық портынан 2 млн 607 мың тонна жүк өткен»
www.24.kz
07 қыркүйек 2018 ж. 724 0