Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытты болуға не кедергі?

Бақытты болуға не кедергі?


Біз өмір жолында сан түрлі қателік жібереміз. «Абайла, байқа» деген нұсқаулықтарды естіген болсақ та, сол қателіктерге ұрына береміз. Ал, өмір сүруге, шаттануға, қуануға кедергі болатын нәрселерді білесіз бе?  1. Қорқыныш Барлық қорқынышымыз ойымыздан пайда болады. Әдетте, «болашақта не болатыны белгісіз» деген негізбен өлімнен, аурудан, сәтсіздіктен, қате жіберуден қорқамыз. Алдымызда не күтіп тұрғаны белгісіз болғандықтан, оны мезгілінен ерте, себепсіз уайымдап, сарғайып жатамыз. Тек жақсы дүниені елестетіп, жақсы нәрселер жайлы ойлағаныңыз дұрыс. Қорқынышпен күресу керек. Оған төтеп беріңіз. Әрине, өмір жолында қате жіберіп отырамыз. Алайда, олардың сізге тәжірибе болатынын, шыңдалуыңыз үшін қажет екенін ұмытпаңыз. 2. «Өзіммен өзім» Қазіргі қоғамның басты ұранына айналған сөз емес пе? Жақының болсын, бөтен адам болсын қол ұшын беру игі іс. Игі істі шын ниетпен жасау керек. 3. Қате ұстаным Кез келген іс-әрекеттің сәтті болуы неге байланысты? Әрине, ниетке. Егер сіз шын қалап бір істі бастасаңыз, жолыңызда қанша кедергі шықса да, оларға төтеп беріп, нәтижеге қол жеткізесіз. Ал егер сіз қаламасаңыз, қанша тырысқаныңызбен ойдағыдай болмайды. Яғни, «мен … міндеттімін» деген қате ұстанымнан арылуыңыз керек. Күмәнданып тұрсаңыз, бас тартыңыз. Сіздің жалғыз міндетіңіз – өмірде өз орныңызды тауып, өзіңізге, жақындарыңызға қамқор болу. 4. Өкініш Күніне қанша шешім қабылдайсыз? Аялдамаға кеш келіп, автобустан көз жазып қалдыңыз делік, бірден өкініп, өзіңізді сөге бастайсыз. «Ертерек шығу керек еді», «таңғы асты ішпеу керек еді», «ерте жату керек еді», тағысын тағылар. Бұл жерде «болған іс болды, бояуы сіңді» деген мәтел орынды болар. Жолыңыз болмады ма? Өкінбеңіз, мұңаймаңыз. Көкжиектен жаңа таң ататынын естен шығармаңыз. Бақытты болыңыз!

Massaget.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 1 122 0