Павлодар облысында Астана күндері өтеді
Елордалық әртістердің еліміздің бас қаласының 20 жылдығының құрметіне Қазақстанның қалалары бойынша үлкен гастрольдік туры жалғасуда. 2-3 қыркүйекте Павлодарда Астана күндері өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
"Әдеттегідей, гастрольдік екі күнде жергілікті тұрғындар Тәуелсіздік сарайы ұйымдастырған «Ақ тілекпен, Астана!» көрмесін тамашалай алады. Экспозицияға С.Смағұлов, М.Бекеев, Р.Күлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Каржасов және т.б. сынды танымал 50 отандық суретшінің 60 үздік туындысы қойылған. Көрмеде Жанна Спунердің жеке коллекциясындағы еңбектері, сонымен қатар, астаналық шеберлердің картиналары мен мүсіндерін тамашалауға болады. Елордалық көрмеге келушілер отандық қылқалам шеберлерінің өнеріне, шығармашылық әлеуеттеріне өз бағасын береді. Көрме сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында өтеді" - дейді ұйымдастырушылар.2 қыркүйек күні сағат 19.00-де Павлодарда «Ертіс Promenade» сахнасында әртістер елордалық делегация болып қайтқан барлық қалаларда өткен «Астанадан ақ тілек» атты Гала-концерт қояды.
Сахна төрінде «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, эстрадалық би ансамблі, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өнер көрсетеді. Ал 20:00-де қала тұрғындары және қонақтарын Open Air концерті күтеді. Концертте елордалық диджейлер және Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Күлайым Қайырбаева, Ринат Мальцагов, Дос, Алмас Кішкенбаев сынды отандық эстрада жұлдыздары ән шырқайды. Музыкалық кеш жүргізушілері – Азамат пен Антон және Дәурен Әмреев.
Baq.kz