Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітап туралы тәмсілдер

Кітап туралы тәмсілдер

Кітап адамзаттың бақыт пен болашақтың құдіретіне апарар жолдағы жасаған барлық кереметтерінің ішіндегі анағұрлым күрделі де ұлы кереметі болуы мүмкін. М. Горький Кітап – орасан зор күш. В. И. Ленин Адамдық творчествоның барлық көріністерінің ішіндегі ең ғажайыбы және назар аударуға тұрарлығы – кітаптар. Кітаптарда өткен заманалар ойлары өмір сүреді, баяғыда-ақ сүйектері қурап қалған адамдардың дауыстары анық та айқын естіледі. Адам баласы жасаған, ойлап тапқанның бәрі, соның бәрі, бейне бір сиқырлап қойғандай, кітап беттерінде. Т. Карлейль Тиыннан сомның құралатыны сияқты, білім де оқығанның түйірлерінен құралады. В. И. Даль Цивилизацияның жалпы көрінісінде әрбір халықтың орны оның оқыған кітаптарының санымен анықталады. Э. Лабуле Күн сайын әлемнің ең дана адамдарымен тілдесуден қымбат не болуы мүмкін. Л. Н. Толстой Кітап – еңбек құралы. Бірақ тек еңбектің ғана құралы емес. Ол адамдарды басқа адамдардың өмірімен және күресімен таныстырады, олардың сезімдерін, олардың ойларын, олардың талап-талпыныстарын түсінуге мүмкіндік береді, ол айналадағыны салыстыруға, байыбына баруға және оны қайта өзгертуге мүмкіндік береді. Н. К. Крупская Кітапсыз адам өмірі – бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұрақты мәңгілік серігіміз де. Д. Бедный Менің педагогикалық сенімімнің бір ақиқаты кітаптың тәрбиелік күшіне деген шексіз сенім болып табылады. Мектеп дегеніміз – ең алдымен кітап. Тәрбие – ең алдымен сөздер, кітап, жанды адамдық қарым-қатынастар. Кітап – құдіретті қару. Ақылды, шабытты кітап көп ретте адам тағдырын шешеді. В. А. Сухомлинский Жақсы кітаптар оқу – өткен замандардың ең жақсы адамдарымен әңгімелесу деген сөз, онда да әлгі адамдар бізге өзінің тек қана ең жақсы ойларын айтып беретін әңгімелесу. Р. Декарт Кітаппен істес болу адаммен істес болуға әзірлейді. Қай-қайсысы да бірдей қажет. Н. М. Карамзин Қайсы бір жақсы кітапты оқып шығып, өз өмірінің жаңа дәуірін ашқан адамдар қаншама! Г. Торо Білімнің қайнар бұлағы – кітапты сүйіңіздер, тек білім ғана құтқарушы, тек сол ғана сіздерді рухани күшті, адал, ақыл-есті, адамды шынайы сүйетін, оның еңбегін қадірлеп, оның үздіксіз ұлы еңбегінің жемістеріне шын жүректен қызығатын кісілер ете алады. М. Горький Кітап – ұжымдық тәжірибе. Ұлы кітаптардың жиырмасын бастан кешті деген сөз. П. А. Павленко Егер бу мен темір жолдар ара қашықтықты жоқ еткен болса, онда кітап басып шығару уақытты жоқ етті: соның арқасында біздің бәріміз – замандастарымыз. Мен Гомермен және Цицеронмен әңгімелесемін, ал болашақтың Гомерлері мен Цицерондары біздермен әңгімелесетін болады. А. Ламартин Кітапсыз қиын-ақ В. И. Ленин Кітап – білім бұлағы. М. Горький Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы. Н. К. Крупская Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын. М. Горький Білім – біздің шамшырағымыз. Кітап – біздің ұстазымыз. В. В. Маяковский Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі. М. Әуезов Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей. Л. Н. Толстой Ештеңе оқымаған адам ештеңе ойланбайды. Д. Дидро Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады. М. Әуезов Олар (кітаптар) – менің құлдарым және мен қалай тілесем, маған солай қызмет етулері тиіс. К. Маркс Кітап – заманалар толқынында тербетіліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі. Ф. Бэкон Кітап – асып-таспайтын адал досымыз. В. Пого Кітап – ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші. Дэвенант Кітап – бір ұрпақтың екінші ұрпаққа қалдырар рухани өсиеті, көзі жұмылып бара жатқан қарттың балғын жасқа айтар ақыл-кеңесі. А. Герцен Кітап – керемет дос. Өмірінің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады. Ешқашан өкіндірмейді. А. Доде Кітап – ақылға қуат беретін құрал. Ян Коменский Кітап маған тақтан да қымбат. У. Шекспир Кітаптан басқаның бәрі дәрменсіз. А. П. Чехов Ғылым – кітапта. Кітаптан өмір сырын ұға білу үшін өз бетіңмен талаптан. Н. Г. Чернышевский Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін. Н. И. Пирогов Кітапсыз үй жансыз дене тәрізді. Цицерон

Massaget.kz
31 тамыз 2018 ж. 1 766 0