Атырау облысына зымыран құлап, аумақты өртеп жіберді. Оқиға Құрманғазы ауданында болды, деп хабарлайды Астана арнасы. Зымыран құлаған жерде өрт болып, 5 шақырым жерді жалын шарпыды. «Стриж» зымыранының кімге тиесілі екені белгісіз. Аудан әкімі болған жайтқа қатысты ешкімнің хабарласып, түсініктеме айтпағанын жеткізді. «Орысша жазылған, білмеймін енді, қай жақтан кім атып тұрғанын ракетаның. Ешкім хабарласпай отыр. Ресейден де хабарласпай отыр. Енді тиісті органдар шығатын шығар. Өрт шыққасын барды ғой жігіттер. Өрт сөндіргенде 4 гектардай жер өртенді. Ішінде ракета жатыр. Барлық органдарға хабарладық. Сосын алдыңғы күні ұлттық қауіпсіздік комитетінен арнайы мамандар келіп, залалсыздандырып кетті», – дейді Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов. Stan.kz