Диета мен спортзалсыз іш тартудың қарапайым 7 тәсілі
Өз мүсінін тартымды еткісі келетін нәзікжандылар фитнес залдарда жаттығып келеді. Ал кейбірі дұрыс тамақтануды дағдыға айналдырған. Бұл қос тәсіл де дұрыс-ақ. Десек те, фитнеске баруға, дұрыс тамақтануға не уақыты, не қаржысы жоқтар да жетерлік. Біз оларға арналған іш тартудың қарапайым 7 тәсілін ұсынбақпыз. Бұл лайфхакер ішті көз тартарлық деңгейге жеткізетініне сенімдіміз, бірақ одан артық көп жетістіктен үміттеніп қалмаған жөн.
Денеңізді тік ұстап жүріңіз
Есіңізге түскен уақытта иығыңызды тіктеп, ішіңізді тартыңыз. Бұлай жасай алмасаңыз немесе есіңізге түсіргіңіз келмесе дене мүсініне арналған корректор сатып алыңыз (барлық дәріханаларда сатылады), болмаса медициналық гаджет көмекке келеді.
Біз шынында денемізді тік ұстаудың қаншалықты пайдасы барын біле бермейміз, ол бой қосып, көкірегіміздің пішінін келтіріп, ішімізді тегіс көрсетеді. Екі-үш аптадан соң, ішіңіздің тартылғанын анық аңғарасыз, жанынан қарағанда да бұл көзге анық көрінетін болады.
Көп су ішіңіз
Күніне 8 стақан су ішу керегін бәріміз жақсы білеміз. Ғылыми дәлел бойынша су жетіспесе организм қатпарлана бастайды. Сол сияқты іште де осындай үдеріс жүреді. Мұндай себептер қол-аяғыңыздың ісуіне де әкеп соқтырады, ал байқасаңыз пресстің аймағында ісу үрдісі жүрмейді. Бұл қуанатын жайт емес, себебі ол ішіңізге әсер етіп, оны ісіртіп жібереді.
Дәретханаға жиі барыңыз
Бұл ішті тартудағы маңызды элемент деп білген дұрыс. Организміміз өте шыдамды болғандықтан, несеп шығаруға тек соңғы сәтте ескерту жасауы мүмкін. Ал оған дейін несеп көпіршектері үлкейе береді, бұл іштің керексіз дөңгеленуіне әкеп соқтырады. Дәрігерлердің айтуынша, күніне 5-7 рет дәретханаға бару керек.
Тамақты ұзақ, асықпай шайнаңыз
Тамақты ұзақ әрі асықпай шайнасаңыз, ол сіздің асқазаныңызда аз орын алатын болады. Бұл сіздің ішіңіздің артық ісінуіне жол бермейді.
Мұрныңызбен демалыңыз
Расында да ойға келмейтін кеңес сияқты, бірақ өте орынды. Ауызбен дем алу арқылы біз ауаны көбірек жұтамыз, ал ол ішіміздің ісінуіне алып келеді. Сол сияқты тамақтан соң, сағыз шайнау да дұрыс емес, оның орнына деміңізді тазартатын спрей немесе мұз кәмпиттер пайдаланыңыз.
Гормондарды бақылауда ұстаңыз
Әйелдер гормоны экстрогеннің ауытқуы артық майлардың, оның ішінде іш майларының көбеюіне алып келеді. Сол үшін дәрігерге қаралып, гормоныңыздың қалыптылығын бір тексеріп алуға кеңес береміз.
Шалқалап жатыңыз
Арқаңызбен жатып, аяғыңыздың астына көпшік қойып, көтеріп қойыңыз, ал бел тұсыңызға оралған сүлгі салып қойыңыз, бұл кезде ішіңіз қабысып, шүңірейеді. Осылай күніне 20 минут жатсаңыз, сіздің ішіңіздің бұлшықеттері осыған үйреніп алады. Бұлай жату жапондықтар үшін әдетке айналған, тіпті олар бұл гимнастиканы денені тік ұстап жүрудің алғышарты дейді.